Санаты жоқ / 1-санатты / 2-санатты инженер-конструктор, уран өндірісі (21.04.2025 № 46-06-21/1512 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
- ИП 27.0001 сәйкес механикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жылдық жоспар - кестелерінің жобаларын әзірлеуге қатысады. Уран өндірісі бөлімшелерінде бекітілген жөндеу жоспар - кестелеріне сәйкес жабдықтарды жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылайды. Жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруге және орындалған жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға қатысады. Жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетуді жақсартуды көздейтін іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Жабдықтардың тозуының жоғарылау себептерін тексеруге қатысады және олардың алдын алу шараларын қабылдайды. ИП 32.0005 сәйкес қосалқы бөлшектер мен жөндеу материалдарына өтінімнің жасалуын, сондай-ақ оларды пайдалану тиімділігін бақылайды. Уран өндірісі жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша техникалық шарттарды енгізуге байланысты жұмысқа қатысады. Жабдықты жөндеу мен пайдалануды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтайды және таратады. Жабдықтарды есепке алуды және паспорттауды тексереді, СТ 28.0011сәйкес (өз құзыреті шегінде) оларды жаңғырту мен қайта жаңартудан кейін паспорттарға өзгерістер енгізуді бақылайды. «ҮМЗ» АҚ-да жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша белгіленген есептілікті жасайды (өз құзыреті шегінде). Күрделі жөндеуге арналған ақаулы ведомостарды және жабдықтарды ағымдағы жөндеуге арналған жұмыстар тізімдемесін жасайды, ИП 27.0001 сәйкес жөндеуге арналған сметаларды әзірлеу мерзімдерін бақылайды. Құзыреті шегінде уран өндірісін жаңғырту және қайта жаңартуға, жаңа техниканы игеруге байланысты мәселелерді шешеді. Цех жетекшілері бекіткен айлық жоспар - кестелер бойынша жабдықтарды жөндеуді орындау бөлігіндегі жағдайы туралы уран өндірісінің механигіне баяндайды. МЕМСТ талаптарының, ережелердің, нормалардың, нұсқаулықтардың және жабдықты пайдалану мен жөндеу мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құжаттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. ИП 14.0007 сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын және кәсіптер мен жұмыс түрлері бойынша өндірістік нұсқаулықтарды, МУ СЭО 27.005 сәйкес уран өндірісінің механикалық қызметінде жөндеудің технологиялық регламенттерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ведомстволық бағынысты қызметтердегі еңбек жағдайларын, еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны қорғауды, өрт қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Механикалық қызметтердегі еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауға қатысады. Ведомстволық бағынысты жабдықтарды монтаждау сапасын және стандартты емес жабдықтарды дайындау сапасын қадағалауды жүзеге асырады. ИП 30.0003 сәйкес жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асырады. Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысанішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды орындайды. РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды.Білім:
Санаты жоқ – жоғары (техникалық) немесе орта техникалық және кәсіби; 1 және 2-санатты – жоғары (техникалық).Дағдылар:
Санаты жоқ: талаптар қойылмайды; 1 және 2санатты білуі тиіс: Уран өндірісінде жөндеу қызметін ұйымдастыру. Жабдықты монтаждау, іске қосу және баптау әдістері, іске қосу-баптау құжаттамасын ресімдеу. «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің негіздері. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптары. Режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысанішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі.Қосымша:
Еңбек жағдайларының сипаттамасы қалыпты еңбек жағдайлары/ иондаушы сәулелердің әсерінен туындаған 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс - 08.00-ден 17.00 дейін, 5 - күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері-сенбі және жексенбі Еңбек ақы мөлшері: 206 818 теңгеден бастап 428 858 теңгеге дейін (санаты жоқ) 217 159 теңгеден бастап 450 301 теңгеге дейін (2-санатты) 228 017 теңгеден бастап 472 816 теңгеге дейін (1-санатты) Тағылымдама - белгіленбейдіБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар

Өскемен қ. материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының жалпы мақсаттағы жабдықтар мен материалдар тобы инженерінің Вахта_стажері (23.05.2025 - 1ед№ 32-03-04/1271)
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
04.06.2025 | 85

Материалдықтехникалық қамтамасыз ету орталығының технологиялық материалдар тобы инженерінің Вахта_стажері (32-03-04 / 1272 23.05.2025 - 1ед.)-Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
04.06.2025 | 75

Сынақ орталығының уран өнімін сынау зертханасының дайын өнімін сынау тобының Инженер-физик-химигі (санаты жоқ, II санат, I санат) (14.03.2025 ж. 47-05-08/1662)-1ед., Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
02.06.2025 | 645