"Жолаушылар тасымалы"АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің персоналмен жұмыс, әлеуметтік мәселелер және жиынтық сыйақы жөніндегі бас менеджері (19 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
77

Қаралған саны:
1357

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Басқарманың кадрлық жұмыс, әлеуметтік мәселелер және жалпы еңбекақы төлеу жөніндегі функционалдық бағыттары қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді.
  • Кадр саясатын іске асыру, кадрларды конкурстық іріктеу, кадрлық резервті қалыптастыру, кадрларды аттестациялау, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының персоналын аттестаттау, жұмысқа орналастыру, ынталандыру және сабақтастық мәселелерін реттейтін жергілікті актілерді әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін моральдық және материалдық ынталандыру шараларын қолдану бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша шараларды әзірлеуді, іске асыруды және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Моральдық және материалдық ынталандыру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастырады, «ҚТЖ» ҰК» АҚ моральдық және материалдық ынталандыру комиссиясының отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, Қоғам филиалдарының және оның еншілес ұйымдарының кадр қызметімен жұмысқа орналастыру, ротациялау және қызметкерлерді ынталандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының кадрлық резервін қалыптастыру және ротациялау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
  • Қоғамның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес Қоғам қызметкерлерін аттестациялау бойынша жұмыстарды бақылауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  • Жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлерінің, заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның филиалдары мен еншілес ұйымдарының кадр қызметі қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
  • Өзіне бағынысты қызметкерлер арасында тапсырмаларды бөледі, олардың жұмыс жоспарын әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді; Кадрлық процестер бойынша Қоғамның жергілікті нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді, сондай-ақ оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, ҚТЖ ҰК АҚ-мен, мемлекеттік органдармен және бөгде ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының бос жұмыс орындарын жинақтау және мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне кадр мәселелері бойынша Қоғамның жергілікті актілерін қолдану мәселелері бойынша консультациялар береді;
  • Филиалдар мен еншілес ұйымдардың кадр қызметі қызметкерлеріне персоналды басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Ұжымдық шартты және Қоғамның басқа да ішкі жергілікті актілерін қолдану мәселелері бойынша консультациялар береді; Қоғамның, оның еншілес ұйымдарының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиялары мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады;
  • Қоғам мен оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамына талдау жүргізеді;
  • Еңбек мазмұны мен шарттарына, қызметкерлердің біліктілігі мен құзыретіне қойылатын талаптарды белгілейтін кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс топтарына қатысады;
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлер мен азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
  • Бірыңғай персоналды басқару саясатын жүргізу мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару департаментімен, еңбек заңнамасын сақтау және Бірыңғай кадр саясатын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Басқарма әкімшісі болып табылатын филиалдардың шығыс баптары бойынша бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Өзіне бағынысты қызметкерлердің кадрлық іс қағаздарын дұрыс жүргізуіне бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • Қоғамның Басқармасына және Директорлар кеңесіне ұсыну үшін персоналды басқару мәселелері бойынша материалдарды дайындау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
  • Жеке құрам бойынша бұйрықтар, еңбек демалысы туралы бұйрықтар, іссапарлар туралы бұйрықтар жобаларының уақтылы жариялануын үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның орталық аппаратының персоналды басқару мәселелері бойынша (наградалар, қызметкерлердің сапалық құрамы және т.б.) электрондық деректер базасын жүргізуді, сондай-ақ әскери есепке алу жұмыстарын қадағалайды;
  • Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес Қоғамның орталық аппаратының, Қоғам филиалдарының, оның еншілес ұйымдарының басшылығының әкімшілік-басқару персоналының қызметтік ғимараттарына қызметтік жеке куәліктерінің тіркелуін және есебін жүргізуді, электрондық рұқсат карталарын жұмыстан шығарған жағдайда қайтаруды бақылауды жүзеге асырады;
  • Қоғамның орталық аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлерін бейімдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың жобаларына және басқа да бұйрықтар жобаларына сараптама жүргізеді;
  • Қоғамда және оның еншілес ұйымдарында персоналды басқарудың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
  • Ұжымдық шарттың, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету бөлігінде және ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: тиісті қызмет саласындағы жоғары кәсіби.
  • Мамандығы: Құқықтану; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Басқару; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Психология; Еңбекті ұйымдастыру және реттеу; Көпшілікпен қарым-қатынас; әлеуметтану; Саясаттану; Адам ресурстарын басқару және/немесе теміржол мамандықтары; Бухгалтерлік есеп және аудит.
  • Жалпы жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл жұмыс, оның ішінде қызмет бейіні бойынша және/немесе қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобымен салыстырылатын компанияларда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр