«KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының сынақ және диагностика қызметінің жетекші инженер-химигі, Шымкент қ. (уақытша лауазым)

300000 - 310000 KZT
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
66

   Конкурс туралы

Білім деңгейі: жоғары немесе ЖОО кейінгі.

Білім бейіні: электр энергетика/жылу энергетикасы/органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы техникалық білім.

Мамандық бойынша жұмыс өтілі және оның ұзақтығы (жылдар):

-  1-санатты инженер-химик лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде хроматографиялық бағдарламалық кешендердегі, химиялық талдаулардағы жұмыстар бойынша арнайы даярлық курсы.

 Білу керек:

- ұйым қызметінің бағыты бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар; өндіріс технологиясы, Зертхана жабдықтары және оны пайдалану тәртібі;

- шикізатқа, материалдарға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

-  өндірісті технологиялық дайындау, зертханалық бақылау және техникалық құжаттаманы ресімдеу жөніндегі стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар және өзге де басшылық материалдар;

-  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және өндірісті зертханалық бақылауды ұйымдастыру әдістері;

-  есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың заманауи құралдары; ұқсас өнімдерді өндіру технологиясы саласындағы озық отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі;

-   экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптары.

 Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

- Химиялық реакцияларды бағалау және қолданыстағы өндірістік процестердегі ақауларды жою сияқты негізгі техникалық дағдыларды қамтиды.

- Калибрлеу газ қоспалары бойынша хроматографты калибрлей білу қабілеті. Қауіпті материалдармен жұмыс істейтін персонал үшін қауіпсіздік рәсімін әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сынақ кешендері мен аспаптарының жарамды күйіне, оларды тексеру мерзімдерінің сақталуына үздіксіз бақылау жүргізу.

- Инженерлік топтармен ынтымақтастық және қауіпсіздік хаттамаларымен алмасу, хроматографиялық және физика-химиялық зертхана қызметінің профилі бойынша қажетті техникалық құжаттаманы енгізу.

 

ДК-мен жұмыс істеудің қажетті дағдылары: ДК және MS Office / Word, Excel, SAP ERP жүйесінде жұмыс істейтін тәжірибелі қолданушысы.

Тілдерді еркін меңгеру: орыс, қазақ.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- май сынамаларын (ылғал мөлшері , жалпы газ мөлшері және басқалары) талдау және көпжылдық және жылдық кесте бойынша РТБ , сондай-ақ шұғыл, апаттық жағдайларда және кіріс бақылаулары кезінде бақылау жұмыстарын ұйымдастырады;

- Калибрлеу газ қоспалары бойынша хроматографты калибрлеу жүргізеді;

- сынақ кешендері мен аспаптарының жарамды  күйде болуын, оларды тексеру мерзімдерінің сақталуын бақылауды енгізеді;

- ТМҚ-ны есептен шығару актілерін, ТМҚ алу үшін өтінімдерді беру мен рәсімдеуді ұйымдастырады және бақылайды.

- Әрбір АЕК бойынша бюджеттің орындалуының факторлық талдауы бойынша түсініктеме және ақпарат береді.

- қалдықтарды азайтатын және дайын өнімнің сапасын арттыратын өндірістік процестерді әзірлейді;

- өндірістің барлық кезеңдерінде процестер мен өнімдерді бақылап, сынайды;

- қауіпті материалдармен жұмыс істейтін персонал үшін қауіпсіздік процестерін  әзірлеп, енгізеді;

 - өндірісті оңтайландыру және шығындарды азайту үшін өндірістік жабдықтың орналасуын әзірлеп, жоспарлап және енгізеді;

- деректерді жинау және талдау үшін компьютерлік бағдарламаларды, жүйелерді және өнімдерді пайдаланады;

- қалдықтарды кәдеге жарату және қауіпсіздік  процедурасын белгілейді;

-  жобаның қажеттіліктері мен дизайны туралы білу үшін жұмыс алаңдары мен орындарды тексеруді және аралауды ұйымдастырады;

- бюджеттер мен кестелерді құрастыруға белсенді қатысады.

 Жұмыс орны: «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының әкімшілік ғимараты,  Шымкент қаласы, Б. Момышұлы 27 мекен-жайында орналасқан.

Негізгі қызметкер болмаған кездегі бос орын.

Түйіндемені қабылдау мерзімі 2025 жылдың 10 сәуіріне дейін.

Қажетті қабілеттер

  • Химический анализ
  • Назначения основного лабораторного оборудования, лабораторных приборов, химической посуды.
  • Знание основ техники безопасности и правил работы в лаборатории
  • выполнение химических анализов согласно графика лабораторно произвоственного контроля

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)