«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Жамбыл пайдалану вагон депосының (ВЧД-27) санатты инженер-технолог (эколог)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Табиғат қорғау және басқа да іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындау мониторингі;
- филиал бойынша құжатталған ақпаратты жүргізу және одан әрі басшылыққа/мүдделі сыртқы тараптарға құжатталған ақпаратты ұсыну;
- экологиялық қауіпсіздік жағдайын жақсарту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар мен процестер технологиясына өзгерістер енгізу, сондай-ақ түзету іс-қимылдарының жоспарларын келісуге қатысу;
- экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ықтимал тәуекелдерді азайту жөніндегі ic-шараларды жоспарлау;
- заңнамалық, нормативтік техникалық құжаттарды, мемлекеттік және халықаралық стандарттарды сәйкестендіру және өзектендіру;
- тәуекелдер деңгейін ескере отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарды әзірлеу;
- Компанияның экологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық стандарттардың, салалық стандарттар мен нормалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Қоғам қызметкерлерін экологиялық және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;
- экологиялық қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу бойынша шығыстардың бюджетін жоспарлау (ҚТҚ шығару, өндірістік бақылау, ҚБ кәдеге жарату және т.б.);
- филиалдың экологиялық қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұйрықтарды, хаттамаларды, жоспарларды және өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманы жобалау.
- Экологиялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары.
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр