«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының шаруашылық қозғалыс тепловозы машинисінің көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Локомотив бригадалары қызметкерлерінің міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша ҚР Иидм, "ҚТЖ" ҰК " АҚ-ның ТТЭ,ЖТҚ, ИАЖ, басқа да нормативтік актілері мен құжаттарын, сондай-ақ локомотивтерді пайдалану, оларға қызмет көрсету, тартқыш жылжымалы құрамдағы өрт қауіпсіздігі кезіндегі қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын білу және орындау;
- жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- белгіленген мерзімге жұмысқа келуге кедергі келтіретін мән-жайлар пайда болған кезде бұл туралы локомотив депосы бойынша кезекшіге немесе локомотив бригадаларының нарядшысына дереу, бірақ үш сағаттан кешіктірмей хабарлау қажет;
- әрбір сапар (ауысым) алдында машинист-нұсқаушыдан, ал түнгі уақытта депо бойынша кезекшіден, қауіпсіздік техникасы, поездар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өту, локомотив бригадалары қызметкерлерінің міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша жаңадан келіп түскен құжаттармен танысу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) /орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
- Мамандығы: Көлік көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану / Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар
