Бас менеджер Даму тобы
"Қазпошта" АҚ "Kazpost Digital" филиалы Алматы қ.Міндеттері:
- 1) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу/тестілеу/енгізу және сүйемелдеу;
-
2) Қоғамда ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері бойынша кеңес беру;
3) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы оң тәжірибені зерттеу және практикада қолдану;
4) SD-ге келіп түсетін сұрауларды белгіленген мерзімдерде орындау;
5) Бағыттың тікелей басшысының, Басқарманың бастығының, техникалық директордың және филиал директорының тапсырмаларын белгіленген мерзімдерде орындау (мерзім анықталмаған жағдайда, Қоғамның құжат айналымы бойынша ережелер мен нормативтік құжаттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес);
6) Ақпараттық жүйелердің жаңа функционалын жүзеге асыру/бар функционалды жетілдіру және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін техникалық қолдау көрсету бойынша мердігерлік компаниялармен өзара әрекеттесу;
7) Ақпараттық жүйелердің істен шығу себептерін және бұзушылықтарын талдау, оларды жою және алдын алу, сапасын және сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау;
Талаптар:
-
Техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе экономика және/немесе қаржы бойынша жоғары және/немесе орта арнайы білім.
Сәйкес курстарды аяқтағаны туралы сертификат және/немесе кәсіби сертификаттың болуы артықшылық болып табылады.
-
Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. Егер ИТ мамандықтары бойынша тиісті білім болса, жұмыс тәжірибесі 2 жылға дейін қабылданады.
Шарттар:
- Аптасына 5 жұмыс күні 5/2
Ұқсас вакансиялар


