Құқықтық қамтамасыз ету және норма шығару жұмысы жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд): "Жолаушылар тасымалы"АҚ Заң департаменті
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғам басшылығымен қол қойылған және белгіленген тәртіппен Басқармаға келісу үшін ұсынылған шарттар, меморандумдар, келісімдер және басқа да мәмілелердің жобаларына құқықтық сараптама және талдау жүргізеді;
- Қоғамның қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізеді;
- Қоғамның жергілікті актілерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;
- Қоғам Жарғысын жаңартуға қатысады
- Үлестері (қатысу үлестері) Қоғамға тиесілі ұйымдардың жоғарғы органдарының, басқару органдарының шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;
- Қоғамның қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін жергілікті актілерді әзірлеуге қатысады;
- Қоғам мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады, ол бойынша ескертулер мен ұсыныстар дайындайды;
- Өткізілген отырыстар шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, уәкілетті мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша жасалған тексеру актілерін және басқа да құжаттарды қарайды, құқықтық мәселелер бойынша функционалдық бағыттың құзыреті шегінде аталған тексеру есептерін қарау нәтижелері бойынша Қоғамның ұстанымын қалыптастыруға қатысады;
- Өткізілген отырыстар шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, уәкілетті мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша жасалған тексеру актілерін және басқа да құжаттарды қарайды, құқықтық мәселелер бойынша функционалдық бағыттың құзыреті шегінде аталған тексеру есептерін қарау нәтижелері бойынша Қоғамның ұстанымын қалыптастыруға қатысады;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және оның еншілес ұйымдарының басшылығынан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды тұлғалардан келіп түскен Қоғам қызметіне қатысты мәселелер бойынша (Қоғамның еншілес және филиалдарының заң бөлімшелерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұраныстар мен сұрау салуларды қоспағанда) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша жауаптар мен қорытындылар дайындайды;
- Басқарма анықтаған, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері жол берген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ актілерін, Қоғамның жергілікті актілерін бұзушылықтарды талдайды, Қоғам басшылығына тиісті шаралар қабылдау үшін қажетті ақпаратты дайындайды;
- Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес құқықтық мәселелер қамтылған сыртқы бастамашылық шығыс құжаттарына құқықтық сараптама жүргізеді және бекітеді;
- Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне шарттар жасасу мәселелері бойынша консультациялар береді;
- Тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуді жоспарлайды, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарында тексерулерге қатысады, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруге қатысады;
- Жетекшілік ететін бағыт шеңберінде корпоративтік басқаруды құқықтық қамтамасыз етеді (Жолаушылар тасымалы АҚ қызметін реттейтін ішкі құжаттардың, корпоративтік шешімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу).
- Белгіленген тәртіпте сенімхатты ресімдеу бойынша жұмыс жүргізеді және олардың есебін жүргізеді;
- Тасымалдау процесіне, кәсіпкерлік қызметке, сондай-ақ мүліктік емес мәселелерге байланысты қарыздар бойынша Қоғам атынан талаптар қояды;
- Басқарманың іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің/еншілес ұйымының жазбаша сұрау салуы бойынша және қабылдау актісі бойынша сенімхатты қоспағанда, Қоғамның қызметін реттейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін беру;
- Келісу комиссиясының жұмысына қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіптік заң білімі.
- Мамандығы: құқықтану, заң ғылымы, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі қажет: 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар


