«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды-Сұрыптау станциясының жетекші инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Станцияның жүк объектілерінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талдауды дайындауға қатысу;
- бір айға, тоқсанға, жарты жылға, жылға белгіленген нысандар бойынша жүк және коммерциялық жұмыстар бойынша есептерді жасау;
- келіп түскен жеделхаттар, жедел есептер, жалпы актілер, коммерциялық актілер негізінде коммерциялық ақауларды жоймай, вагондардың жөнелту жағдайларын тексеруге жеке қатысу;
- станция басшылығының тексеру актілері, ревизиялар, жүк және коммерциялық жұмыстарға қатысты себептер бойынша жолдағы вагондардың кідіру жағдайлары нәтижелері бойынша материалдарды, хаттамаларды, жедел кеңестерді ресімдеу;
- қозғалыс қауіпсіздігіне, тасымалданатын жүктердің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулары бар вагондардың жолда және мемлекетаралық қосу пункттерінде кешігу жағдайларын, сондай-ақ тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезіндегі бұзушылықтарды қызметтік тергеу үшін материалдарды дайындау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі)
- Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану; Теміржол көлігінде жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыс
- Жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес, оның ішінде 1 санатты инженер – технолог/ станцияның жүк жұмысы жөніндегі диспетчері/тауар кассирі/жүк және багажды қабылдап тапсырушысы/тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы лауазымдарында
Қосымша талаптар:
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы