НЕ ВАХТА_Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4, 5, 6 разрядты электрмонтер, уран өндірісінің азот-сутегі-оттегі станциясы (16.04.2025 № 46-06-21/1439 - 1 бірлік), Өскемен қ.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
406

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

-

Білім:

Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес

Дағдылар:

Дайындығы: 4 разряд: Білуі керек: электроника негіздерін; тұрақты және ауыспалы ток электр қозғалтқыштарының, қорғау және өлшеу аспаптарының, коммутациялық аппаратураның әртүрлі типтерінің құрылымын; электр қозғалтқыштары мен электр аппараттарын тексерудің, жөндеудің, құрастырудың, орнатудың және қызмет көрсетудің неғұрлым ұтымды тәсілдерін, оларды артық кернеуден қорғау тәсілдерін.; релелік қорғаныстың мақсаты; барынша ток қорғанысының жұмыс істеу принципі мен схемасы; ток жүктемесіне байланысты сымдардың, балқымалы ендірмелердің және қорғаныс аппараттарының қималарын таңдау; жартылай өткізгіш және басқа да түзеткіштердің құрылысы мен жұмыс қағидаты; барлық үлгідегі электр сымдарын орындауға қойылатын техникалық талаптар; жөндеу кезінде қолданылатын электр оқшаулау және жүргізілетін материалдардың номенклатурасы, қасиеттері және өзара алмасушылығы; жөндеуден кейін іске қосу-реттеу аппаратурасы бар электр жабдығын реттеу-тапсыру жұмыстарын жүргізу және тапсыру әдістері; қызмет көрсетілетін жабдықты баптаудың негізгі электрлік нормалары, оларды тексеру және өлшеу әдістері; жабдықтың, қоректендіру көздерінің жұмыс істеу принципі; күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылысы, мақсаты және қолдану шарттары; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы; 1000 В дейін электр қауіпсіздігі бойынша III рұқсат тобынан төмен емес көлемде электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен қағидалары. 5 разряд: Білуі керек: телемеханика негіздерін; әртүрлі электр машиналарының, электр аппараттарының, өлшеу және автоматты реттеу электр аспаптарының құрылысы мен электр схемаларын; ең жоғары ток қорғанысының мақсаты мен негізгі талаптары туралы жалпы мәліметтерді; электр жабдығы мен кәбіл желілеріне сынақ жүргізу әдістері; электр қозғалтқыштары мен басқа да қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының схемалары; әртүрлі жүйелердің релесінің құрылғысы және оны тексеру және баптау тәсілдері; жоғары қуаттағы электр машиналарын, күрделі электр жабдығын бөлшектеу, құрастыру, жөндеу және баптау бойынша жұмыс тәсілдері мен операциялардың бірізділігі; электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын сынау ережесі; электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру, жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарын қадағалау және қызмет көрсету тәртібі; жөндеу кезінде қолданылатын аспаптарды пайдалану үшін қажетті геометриялық қисықтарды құру; түрлендіргіштердің, машина және шам генераторлары бар жоғары жиілікті қондырғылардың жұмыс принципі; фи косинусын арттыру үшін статикалық конденсаторларға қажеттілікті есептеу; электр қозғалтқыштарды орталықтандыру және теңгеру тәсілдері; жоғары жиілікті қорғаныстардың мақсаты мен түрлері; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесі; электр термиялық қондырғылардың құрылысы және жұмыс принципі. 6 разряд: білуі керек: әр түрлі электр машиналарының, электр аппараттарының, кез келген қуаты мен кернеуі бар электр аспаптарының және автоматикалық желілердің конструкциясын, электр схемаларын, тәсілдері мен дәлдігін тексеру ережесін; телебасқару және автоматты реттеу схемаларын және оларды баптау тәсілдерін; күрделі релелер мен электрондық жүйе аспаптарының құрылысы мен конструкциясын; электроникамен, ультрадыбыстық, электр импульстік және электрондық қондырғылармен игнитронды дәнекерлеу аппараттарына қызмет көрсету қағидалары; электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын кешенді сынау әдістері; электрмен жабдықтау желісіндегі электр-трожабдыққа электр схемаларын және басқа да техникалық құжаттаманы жасау қағидалары; тарату құрылғыларын бастапқы және қайталама коммутациялаудың электр схемалары; жоғары жиілікті бұғаттаумен қорғаудың әрекет ету принципі; кернеу тұрақтандырғыштарының, жартылай өткізгішті, селенді түзеткіштердің және жедел жарықтандыруды телеметриялық басқарудың және жедел басқару пульттерінің схемалары. Дағдалары: 4 разряд: Орындай білуі тиіс: біліктілігі анағұрлым жоғары электр монтерінің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық типті және габаритті электр жабдықтарын бөлшектеуді, күрделі жөндеуді жүргізу; жөндеуден кейін электр жетектерінің аппаратуралары мен аспаптарын реттеу және тексеруді жүргізу; күшейткіштерді, жарық және дыбыс сигнализациясының аспаптарын, контроллерлерді, басқару бекетін, магниттік станцияларды жөндеуді жүргізу; қосудың күрделі схемалары бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсетуді жүргізу; ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажыратып жұмыстарды орындау; трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және олардың жетектерін құрылымдық элементтерді бөлшектей отырып, электр желілерінде жедел ауыстырып қосуды орындау; люминесцентті жарықтандыру схемаларын тексеруді, монтаждауды және жөндеуді жүргізу; кернеуі 35 кВ дейінгі кәбіл желілеріндегі енгізу құрылғылары мен жалғағыш муфталарды, шеткі бітеулерді монтаждау, тарқатуды, бөлуді, мөлшерлеуді, кәбілді төсеуді жүргізу; кәбілдердің зақымданған жерлерін анықтауды, жерге қосу кедергісін, кәбіл қабығындағы әлеуеттерді өлшеуді жүргізу; орташа күрделілікті қосу схемаларымен электр жабдықтарының істен шығуы мен ақаулықтарын анықтауды және жоюды жүргізу; жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеуді жүргізу. Сызбалар мен схемалар бойынша жұмыстарды орындау; электр қозғалтқыштары үшін іске қосу кедергілерін іріктеуді жүргізу; кернеудің артып кетуінен қорғау құрылғыларын (КАҚҚ) тексеруді, қарап-тексеруді және жөндеуді жүргізу. 5 разряд: Орындай білуі тиіс: кернеуі 15 кВ дейінгі жоғары вольтты электр машиналары мен түрлі үлгідегі электр аппараттарын бөлшектеуді, күрделі жөндеуді, құрастыруды, орнатуды және орталықтандыруды жүргізу; автоматика және телемеханика құралдары мен қорғау құралдарының күрделі құрылғыларындағы схемаларды баптау және ақауларды жоюды жүргізу; электр жабдығын және ағындық желіге қосылған машиналар мен агрегаттар схемаларын, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты реттейтін жабдықтарды қосудың аса күрделі схемалары бар күштік және жарық беру қондырғыларына қызмет көрсетуді жүргізу; 35 кВ жоғары кернеулі кәбіл желілерін, енгізу құрылғылары мен жалғау муфталарын монтаждауды және жөндеуді жүргізу; қуаты 1000 кВт жоғары сынап түзеткіштері мен жоғары жиілікті қондырғыларды жөндеу, монтаждау, орнату және баптау; домна, болат балқыту пештерінің, прокат стандарының, блоктау, сигнал беру, туннель пештерінің басқару құрылғыларының, диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерінің, ағынды-көліктік технологиялық желілердің, электрондық басқару схемалары бар дәнекерлеу жабдығының, электр жабдығы агрегаттарының және ток пен кернеу бойынша кері байланысы бар электромашиналық басқару жүйелері бар станоктардың жұмыс режимдерін автоматты реттеу құрылғыларын монтаждауды, жөндеуді, реттеуді және қызмет көрсетуді жүргізу; кептіру және вакуум пештерінің күрделі электр жабдықтарын, ең жоғары токтың бірегей автоматтары мен автоматты ленталарды жөндеуді жүргізу; электр машиналарының роторларын теңгерімдеуді, дірілді анықтау мен жоюды жүргізу. 6-разряд: Орындай білуі тиіс: кернеуі 6 кВ жоғары вольтты электр машиналары мен түрлі типтегі электр аппараттарын және жүйелерін бөлшектеуді, күрделі жөндеуді, жинауды, орнатуды және орталықтандыруды жүргізу; бастапқы және қайталама коммутация мен дистанцияны басқарудың аса күрделі схемалары бар өндірістік учаскелерге немесе цехтарға қызмет көрсетуді жүргізу; технологиялық жабдықтың жауапты, аса күрделі, эксперменталды схемаларын, автоматтандырылған желілердің күрделі электр схемаларын, сондай-ақ жауапты және эксперименттік электр машиналарын, электр параттарын, электр аспаптарын баптауды, жөндеуді және реттеуді жүргізу және бірегей және дәл металл өңдеу жабдықтарының электр схемалары; электр өздігінен жазатын және электрондық аспаптарға қызмет көрсетуді, баптауды және реттеуді жүргізу; электрмен, ультрадыбыстық, электронды, электр импульсті қондырғылармен, аса күрделі қашықтықтан қорғау құрылғыларымен, резервті автоматты қосу құрылғыларымен, сондай-ақ транзисторлық және логикалық элементтерде жартылай өткізгіш қондырғыларды қолдана отырып, күрделі схемалармен игнитронды дәнекерлеу аппараттарына қызмет көрсетуді және баптауды жүргізу; өлшеу трансформаторларының дәлдік кластарын тексеру; қысым және маймен немесе газбен толтырылған арнайы құбырларда кәбіл желілерін жөндеу, монтаждау және бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау; жоғары вольтты кәбіл желілерінде күрделі эпоксидті соңғы бөлуді жүргізу, сондай-ақ мыс және алюминий кәбілдер арасындағы қосқыш муфталарды монтаждау; күрделі жөндеуден кейін әртүрлі қуаттылықтағы электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және трансформаторларды кешенді сынауды жүргізу; күрделі жөндеуден кейін күрделі электр жабдықтарын пайдалануға беру.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - бір айда максималды доза 0,42 мЗв асатын болса құрамында радон және олардың қысқа өмір сүретін еншілес ыдырау өнімдері көп болған жағдайдағы мерзімді жұмыстарға байланысты зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс - 8.00-ден 16.00 дейін, 5 - күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері-сенбі және жексенбі. Еңбек ақы мөлшері: 148 630 теңгеден 308 198 теңгеге дейін (4 разряд) 163 493 теңгеден 339 018 теңгеге дейін (5 разряд) 179 842 теңгеден 372 920 теңгеге дейін (6 разряд) Тағылымдама - 30 жұмыс ауысымынан кем емес мерзімге белгіленеді

Білетін тілдер:

-