«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жамбыл жол дистанциясының №5 өндірістік учаскесі жол учаскесі бастығының орынбасары

370000 - 430000
Жамбылская дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
222

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Учаскені өлшеу құралдарымен, жол аспаптарымен және станок жабдықтарымен жабдықтау шараларын қабылдайды;  
  • Материалдардың нормаларға сәйкес жұмсалуын бақылайды;  
  • Жөндеу бригадаларының, теміржол жолдарын шолушылардың жұмысын ұйымдастырады, өндірістік учаске бригадалары мен жол колонналары орындаған жол жұмыстарының сапасын тексереді;  
  • Өндірістік учаскеде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты;  
  • Жұмысшыларға өндірістік нұсқама өткізеді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, құрал-жабдықтар мен аспаптарды техникалық пайдалану ережелерінің сақталуын ұйымдастырады және бақылайды; 
  • Жол бригадирімен бірлесіп учаскесіндегі бригадалардың сандық және кәсіби құрамын қалыптастырады, оларды тиімді қызметпен қамту бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, олардың қызметін үйлестіреді;  
  • Жол бойындағы бригадалардың жұмысын тексереді, сондай-ақ жол шеберлері мен жол бригадирлерінде ПУ-28,29 өлшем кітаптарын дұрыс жүргізу мен толтыруды бақылайды; 
  • Жұмысшылардың еңбек нормаларын орындауын, өндірістік алаңдарды, жабдықтарды, техникалық құралдар мен аспаптарды дұрыс пайдалануын, учаскенің біркелкі жұмысын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе кейінгі кәсіби) / орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (жүк көтергіш, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары)
  • Жұмыс өтілі: қызмет бейіні бойынша жоғары біліммен кемінде  2 жыл / орта (техникалық және кәсіптік) біліммен кемінде 5  жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж