"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының жүк тасымалынан түсетін кірістерді есепке алу секторының бас маманы

от 243435
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
193

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қолданыстағы нормативтік құқықтық және жергілікті актілерге, бұйрықтарға, нұсқауларға, жеделхаттарға сәйкес жол ведомостарын, қосымша алымдарды, айыппұлдарды бақылау таксировкасын жүргізу
  • ҚТЖ ЖШС филиалдарының сұраныстары бойынша жөнелту нөмірлерінің диапазондарын ұсыну және бақылау БП бөлімшесінің жүк тасымалы
  • қатаң есепке алу бланкілері қоймасының жұмысын ұйымдастыру
  • Қазақстан аумағынан жөнелтілген үй заттарын тасымалдау бойынша басқа теміржол әкімшіліктері (шетелдік жолдарың үлесі) ұсынған тасымалдау құжаттарын өңдеу (бұдан әрі - КЗХ)
  • үй заттарын тасымалдау кезінде кезінде шетелдік жолдардың үлесері бойынша өндіріп алынған және есептелген төлемдерді салыстыру, тасымалдау төлемдерінің жетіспеушілігіне есептер шығару
  • төлеушінің қолынмыз ТехПД-ға түскен құжаттар бойынша анықтамаларды қалыптастыру
  • ТехПД-дан келіп түскен және пысықталған құжаттар бойынша жалпы анықтаманы қалыптастыру
  • ТехПД-да тасымалдау төлемдерінің жетіспеушілігі бойынша жалпы анықтаманы қалыптастыру
  • жүк тасымалы үшін өндіріп алынған сомаларды түзеуді қарау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандық саласында: тасымалдауды Ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Менеджмент; Экономика; Қаржы; Коммерциялық қызмет (темір жол көлігінде).
  • жұмыс тәжірибесі: 1 жыл 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр