«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалының сметалық құжаттама тобының жетекші инженері
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттер:
Негізгі еңбек міндеттері: |
1) сметалық құжаттаманы дайындау; 2) жобалық құжаттаманың сараптамасын жүргізу; 3) жобалық-сметалық құжаттаманы есептеу үшін бастапқы деректерді жинауға қатысу және бекітілген объектілер бойынша техникалық мәселелерді шешу; 4) Қазақстан Республикасында құрылыс сметалық құнын анықтау бойынша қолданыстағы нормалардың талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 5) әзірленген құжаттаманың жобаның бас инженері, іргелес топ, топографиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер материалдары, келісім беруші ұйымдардың және сараптама органдарының бекітілген негіздемелеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету; 6) жобаның әзірленген бөлімдерінің техникалық деңгейінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда материалдық және еңбек шығындарын қысқарту, құжаттаманың сапасын төмендетпей; 7) бастапқы деректердің толықтығын тексеру; 8) өз біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс, семинарларға, конференцияларға және көрмелерге қатысу, ғылыми-техникалық институттармен және жобалық ұйымдармен шығармашылық байланыстарды қолдау; 9) ИСМ құжаттамасының талаптарын сақтау және орындау, ИСМ құжаттамасының және Қоғамның ақпараттық қауіпсіздік басқару жүйесі бойынша ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес қойылған мақсаттарға жету; 10) қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтарды бұзу жағдайында жұмыстарды тоқтату. |
Талаптар:
Сәйкес мамандық бойынша жоғары (техникалық) білім. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.Қосымша ақпарат:
- АВС бағдарламалық кешенінің білімін растайтын сертификаттың болуы міндетті;
- Сметалық құжаттаманы дайындау тәжірибесі:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары (СМР);
- іске қосу-реттеу жұмыстары (ПНР);
- ТЭО үшін ірілендірілген сметалық есептеулер;
3) сметалық құжаттаманы және Қазақстандық құрамды шығару;
4) сметалық құжаттаманың сараптамасын жүргізу тәжірибесі;
5) прайс-парақтардың тізімін дайындау.
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім: |
1) Қазақстан Республикасында құрылыс сметалық құнын анықтау бойынша мемлекеттік нормативтер; 2) құрылыс үшін жобалық құжаттама жүйесі; 3) жобалық-сметалық құжаттаманы есептеу әдістері мен тәсілдері; 4) қоршаған ортаны қорғау талаптары; 5) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар және басқа нормативтік материалдар; 6) еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары; 7) мемлекеттік тілдің базалық деңгейі СТ РК 1928-2023 сәйкес. |
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар: |
1) әріптестермен ынтымақтастық; 2) есептеу техникасы, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану; 3) бағдарламалық өнімдерді білу: АВС, MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook); 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерін, архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді қолдана білу. |
Шарттар:
Жұмыс орны - Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 2-үй.Жұмыс уақыты - күніне 8 сағат, 09:00-18:30 аралығында, 1,5 сағаттық түскі үзіліспен, 13:00-14:30, аптасына 5 жұмыс күні, 2 демалыс күні - сенбі және жексенбі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар


