Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Күрделі құрылыс қызметінің Инвестициялық бағдарламаны жоспарлау және есеп беру тобының жетекші инженері
келесі жылға арналған инвестициялық бағдарламаның жобасын қалыптастыруға және күрделі құрылыс объектілері бойынша ағымдағы жылдың инвестициялық бағдарламасын түзетуге қатысады;
2) күрделі құрылыс объектілері бойынша инвестициялық бағдарлама көлемдерін орындау бөлігінде есептілікті (ай сайынғы, тоқсандық, жылдық) жүргізеді;
3) инвестициялық бағдарламада көзделген монтаждауды талап етпейтін жеткізілетін жабдықтың есебін жүргізеді;
4) мердігерлік жұмыстарға арналған шығындардың жиынтық ведомосының есептерін тексереді;
5) шартқа сәйкес мердігерге орындалған жұмыстар үшін ақы төлеудің есебін жүргізеді;
6) статистикалық есептілік нысандарын жасайды және статистикалық басқармаға уақтылы ұсынады;
7) мердігерлерге орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуге ақшалай қаражаттың ай сайынғы өтінімін жасайды;
8) ай сайын № 9 нысан бойынша есепті кезеңде күрделі салымдардың инвестициялық бағдарламасының орындалуы және негізгі қорлардың іске қосылуы бойынша есепті жасайды және оны «KEGOC» АҚ-ға уақтылы ұсынады;
9) Филиалдың бухгалтериясымен шығындарды ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді;
10) күрделі құрылыс пен жаңғыртудың перспективалық және жылдық жоспарларын, құрылыс материалдары мен жабдықтарына өтінімдерді әзірлеуге қатысады;
11) өз құзыреті мәселелерінде басқа бөлімшелермен және атқарушы дирекциямен өзара іс-қимыл жасайды;
12) күрделі құрылыс объектілері бойынша жоспарланған шығындарды қалыптастыруды жүзеге асырады;
13) жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қатер төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындағаны туралы хабарлайды.
14) «Project & Portfolio Management» SAP модулі жүйесінде: «Жобалар портфелін басқару:
а) «Солтүстік ЖЭТ» филиалының инвестициялық қызметінің портфельдік жобаларын қалыптастыру үшін жобаларға бастамашылық жасайды және жоспарлайды;
15) «Enterprise Resource Planning» SAP «Кәсіпорынды басқару» модулі жүйесінде:
а) инвестициялық қызмет бойынша жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өтінімдер жасайды;
б) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға келісімшарттар, мердігерлік ұйымдардан жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға келісімшарттарды жасайды;
в) жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түсуін бекітеді;
г) жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу үшін алдын-ала шот-фактуралар жасайды;
д) жұмыстарға ішінара ақы төлеу үшін төлем талаптарын жасайды;
е) нақты шығындарды тексереді;
ж) енгізілетін объектілер бойынша НКС-дан НҚ-ға бөлу қағидаларын жасайды.
Талаптар:Білім деңгейі-жоғары;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электрэнергетика, Құрылыс, Технологиялық машиналар мен жабдықтар.
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - инженер лауазымындағы жұмыс өтілі электрэнергетика, құрылыс саласында кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар


