Қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман (санаты жоқ, 2- санатты, 1-санатты)
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
1.Бөлімшелерден қалдықтардың түрлері мен көлемі бойынша деректерді жинауды жүргізеді, кәдеге жаратуға, өткізуге және сынаптан арылтуға жататын қалдықтардың жылдық көлемі бойынша жиынтық деректерді қалыптастырады. 2. Қажетті құжаттарды ресімдейді және қалдықтарды кәдеге жарату немесе жою, құрамында сынап бар шамдарды сынаптан арылту бойынша қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге өтінімдер береді. 3.Қалдықтарды кәдеге жарату немесе жою, құрамында сынап бар шамдарды сынаптан арылтуға шарттарды ресімдейді және олардың контрагенттер тарапынан орындалуын қадағалайды. 4. Шарттардың орындалуын сүйемелдейді, оның ішінде: Қоғам аумағына қалдықтарды шығару үшін контрагенттер мен көлік өкілдерін жіберуге өтінімдерді ресімдейді, қалдықтарды жөнелту бойынша қажетті құжаттарды, оның ішінде қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенді (1С, SAP ERP) ескере отырып ресімдейді, әкетілген қалдықтарды кәдеге жаратуды/жоюды жүргізу туралы контрагенттен құжат алады. 5.Қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды Қоғам аумағынан шығару мерзімдерін бақылайды. 6. Контрагенттермен хат алмасуға қатысады. 7. Өз құзыреті шегінде қалдықтарды жинау және шығару мәселелері бойынша Қоғамның бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. 8. Берілген қалдықтардың көлемі мен түрлері бойынша есептерді қалыптастырады. 9. Қалдықтарды басқару процесін реттейтін құжаттарды әзірлеуде бөлімшелерге көмек көрсетеді. 10. Ішкі құжаттаманы басқаруға қатысады (өз құзыреті саласында). 11. Менеджмент жүйесінің аудиттерін дайындауға және өткізуге қатысады (өз құзыреті саласында). 12. Тапсырмаларды орындауды реттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. 13. Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. 14. Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, Еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. 15. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті талаптарын сақтайды. 16. «ҮМЗ» АҚ материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. 17. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. 18. №14.025 ӨҚжЕҚБ БҚ сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.Білім:
Санаты жоқ қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман үшін Жоғары/ орта (техникалық және кәсіптік) 2-санатты қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман үшін Жоғары 1-санатты қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман үшін ЖоғарыДағдылар:
Қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман (санаты жоқ, 2- санатты, 1-санатты) білуге тиіс: ҚР заңнамасын, «ҮМЗ» АҚ және оның бөлімшелері басқармасының құрылымын; бөлімшенің өндірістік қызметінің негіздерін; бөлімшеде еңбекке ақы төлеу және ұйымдастыру негіздерін; бөлімшенің қызметін регламенттейтін әдістемелік және нормативтік материалдарды; іскерлік қарым-қатынас этикасын; ұйымдық-өкімдік құжаттама және іскерлік хат алмасу; «ҮМЗ» АҚ құжаттау және құжаттаманы басқару ережесі; «ҮМЗ»АҚ еңбек тәртібінің ережесі. ҚР Еңбек кодексі, құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтаудың талаптары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалар мен нормалардың талаптары.Қосымша:
Санаты жоқ қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман үшін ДЭЕМ (Microsoft Word және Excel) пайдаланушы деңгейінде меңгеру 2-санатты қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман үшін Өз құзыреті саласында нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеу дағдылары; ДЭЕМ (Microsoft Word және Excel) пайдаланушы деңгейінде меңгеру; қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенде жұмыс істеу 1-санатты қалдықтарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі маман үшін Өз құзыреті саласында нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлей білуі; ДЭЕМ (Microsoft Word және Excel) озық деңгейде меңгеруі; қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенде жұмыс істей білуі тиіс.Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар

5-разрядты моторшы-рульші автокөлік шаруашылығы (21.04.2025 № 59-15-08э/977 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
23.04.2025 | 156

0,5 бірліктегі энергетик, 0,5 бірліктегі механик № 49-04-05/725 от 07.04.2025-1 ед. Научный центр
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
23.04.2025 | 146

НЕ ВАХТА_4-разрядты тиеу-түсіру жұмыстарындағы кешенді бригаданың механизаторы, дайын өнім қоймасы (14.04.2025 № 45-01-08/458 - 2 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
23.04.2025 | 348