Бухгалтер Бухгалтерлік есеп бөлімі

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
69

Қаралған саны:
1185

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Тапсырыс берушілермен есеп айырысу;
  • Жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыру бойынша бастапқы құжаттаманы өңдеу және бақылау;
  • 1С ERP, ИС ЭСФ жүйелеріндегі өтінімдер негізінде Тапсырыс берушілерге орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін қалыптастыру;
  • Өтінімдер негізінде қалыптастыру және ИС ЭСФ жүйесі арқылы Тапсырыс берушілерге электрондық шот-фактураларды жіберу;
  • Дебиторлық берешек бойынша шоттарды жабу;
  • Тапсырыс берушілерге төлем шотын шығару;
  • Тапсырыс берушілерге тексеру актілерін қалыптастыру және келісу;
  • Тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бастапқы құжаттарды архивке өткізу;
  • Штат қызметкерлерінің командировкалық және өкілдік шығындары бойынша аванс есептерін есепке алу;
  • Аванс есептерін қабылдау, бақылау және есеп айырысуға берілген ақша қаражаттары бойынша бастапқы құжаттаманы өңдеу;
  • 1С ERP арқылы пайдаланылмаған есеп айырысу ақша қаражаттарын ұстап қалу туралы бұйрық шығару үшін тапсырманы іске қосу;
  • 1С ERP жүйесінде пайдаланылмаған есеп айырысу ақша қаражаттарын ұстап қалу бойынша құжатты қалыптастыру;
  • 1С ERP жүйесінде есеп айырысу сомалары бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру;
  • Жұмысшыларға есеп айырысуға берілген ақша қаражаттары бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттардың заңдылығын, уақтылығын, толықтығын және дұрыстығын бақылау;
  • Командировкалық шығындардың есептік-платеждік ведомостарында дұрыс және толық көрсетілуін бақылау;
  • Командировкалық шығындар бойынша ай сайын салық тіркелімін қалыптастыру;
  • Архивке өткізілген және дұрыс рәсімделген құжаттарды өткізу.

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика саласында жоғары білім;
  • Бухгалтерлік есеп саласында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

Арнайы және мамандандырылған білім:

  • компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау және бағалау негіздері;
  • бастапқы бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу ережелері - орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері, накладные, сенімхаттардың көшірмелері, төлем шоттары;
  • ИС ЭСФ жүйесінде ЭСФ қабылдау және шығару ережелері;
  • дебиторлық берешек туралы мәліметтерді құрастыру;
  • есептеу кестелерін, ақпараттарды, қаржылық есептілікке түсіндірмелерді құрастыру.

Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • 1С-Предприятие, ЗУП, СЭД, 1С ERP бағдарламаларында жұмыс;
  • СОНО, салық төлеушінің кабинеті, Интернет-банкинг, ЭДО есебі, онлайн касса бағдарламаларында жұмыс;
  • ЭСФ ақпараттық жүйесінде және салықтық және бухгалтерлік есеп саласындағы басқа анықтамалық жүйелерде жұмыс;
  • қаржылық, салықтық есептілікті қалыптастыру;
  • бастапқы бухгалтерлік құжаттамамен жұмыс;
  • аванс есептерін рәсімдеу;
  • есеп айырысуларды есепке алу және тексеру актілерін құрастыру.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • 9.00-18.30 аралығында 8 сағаттық жұмыс күні, түскі ас 13.00-14.30;
  • РК ТК-ға сәйкес ресми жұмысқа қабылдау;
  • Жалақы, тоқсандық нәтижелер бойынша сыйақылар, материалдық көмек;
  • Әлеуметтік пакет: фитнес/стоматология;
  • Демалысқа шықпас бұрын денсаулықты жақсарту төлемдері;
  • Жыл сайынғы 30 күндік ақы төленетін еңбек демалысы;
  • Астана қаласының сол жағалауында, Конаев көшесі, 10 (БЦ "Emerald Tower") орналасқан жайлы офис;
  • Тасымалдау.