«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Астана стансасының жетекші заң консультанты
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- соттарда, мемлекеттік органдарда, оның ішінде меншік нысаналы қарамастан, соттардың қаулыларын орындаушылар мен ұйымдарда филиала мен серіктестіктің мүліктік ,мүліктік емес және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін белгіленген құқықтық құралдармен қорғау
- заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету
- құқықтық қызметті сүйемелдеу
- дебиторлық берешектің төмендеуі
- нормативтік-құқықтық және жергілікті актілерді жетілдіру
- құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша келіп түскен хаттарды, өтініштерді, шағымдар мен өтініштерді қарау, жауаптар, қорытындылар дайындау
- бұйрықтардың, өкімдердің, шарттардың, (келісімдердің, меморандумдардың, келісімшарттардың), жергілікті актілердің және ҚР заңнамасының, жергілікті актілердің талаптарына сәйкестігіне құқықтық сипаттағы мәселелерді қамтитын өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу және құқықтық сараптау және олар бойынша жазбаша қорытындылар жасау
- Астана станциясы мен филиалдың жедел кеңестеріне, комиссияларына, топтарына, тексерулеріне, тергеулеріне, талдауларына қатысады
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға жауаптар дайындау және ұсыну
- уәкілетті тұлғаның бітімгершілік және медитативтік келісімдерді әзірлеу және бекітуі және олардың орындалу мониторингі
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: құқықтану, халыхаралық құқық, құқық қорғау қызметі
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр