Тәуекелдерді басқарушы

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
54

Қаралған саны:
1225

   Конкурс туралы

Талаптар:

  • Саласы бойынша жоғары кәсіби білім: экономика / қаржы / статистика / математика.
    MA/MSc/MBA дәрежесінің болуы (артықшылық).
    Қаржы қызметінде FRM және басқа сертификаттардың болуы артықшылық.
  • Салалық бағыттарда 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі – тәуекелдерді басқару, қаржы, портфельдік инвестициялар, активтерді басқару, оның ішінде тәуекелдерді басқаруда 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
  • Қаржы және инвестициялар саласында кең білім, әртүрлі инвестициялық құралдар мен стратегияларды, сондай-ақ қаржы нарықтарын түсіну.
  • Инвестициялық портфельге әсер етуі мүмкін әртүрлі тәуекел факторларын анықтау және бағалау қабілеті.
  • Тәуекелдерді бағалау және болжау үшін қолданылатын статистикалық әдістер мен модельдерді жақсы түсіну (статистикалық талдау, тәуекелдерді модельдеу, сондай-ақ қаржы құралдарын пайдалану).
  • Тәуекелдерді талдау және портфельді басқару үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдылары (Bloomberg, Refinitiv, MATLAB, Python және т.б.)
  • Инвестицияларға қатысты реттеуші орта мен нормативтік талаптарды түсіну (құнды қағаздар нарығының жергілікті және халықаралық заңдары, ақша жууға және терроризмді қаржыландыруға қарсы талаптар және басқа да реттеуші стандарттар).
  • Ағылшын тілін еркін меңгеру.

Негізгі міндеттер:

  • Инвестициялық портфельдің тәуекелін тұрақты мониторинг жүргізу, активтерді есепке алу және тәуекелдерді азайтуға ықпал ететін шараларды қабылдау мақсатында портфельдің жағдайы туралы есеп дайындау, ағымдағы портфель бойынша күтпеген бағалардың қозғалыстарына уақтылы жауап беру мақсатында ашық позицияларды күнделікті мониторинг жүргізу.
  • Тәуекелдерді басқару, комплаенс бақылау мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу.
  • Компанияда комплаенс процедуралары мен саясаттарын енгізу және қолдау.
  • Қаржы институттарымен, брокерлік компаниялармен, биржалармен, тіркеушілермен және кастодиандармен өзара әрекеттесу.
  • Тәуекелдер бойынша есеп дайындау, жоспарланған мәмілелер бойынша қорытынды беру.
  • Экономиканың, нарықтың, эмитенттің негіздемелік талдауын жүргізу.

Қажетті қабілеттер

  • Bloomberg
  • Отвественность
  • - Коммуникабельность
  • Refinitiv