Лауазымдық жауапкершілік:
Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін Автокөлікті шығару жөніндегі механик келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі:
• Лауазымға сәйкес міндеттер;
• Көлік құралдарын пайдалануға жіберу бойынша Жол жүрісі қағидаларының (ЖҚЕ) негізгі ережелеріне сәйкес желіге шығар алдында автокөлікті және арнайы техниканы тексеру:
- жарық аспаптары мен есептеу аспаптарының жарамдылығын тексеру (спидометр, мотосағат есептегіші);
- рульдік басқару мен тежеу жүйесінің техникалық жағдайын тексеру;
- ІЖҚ (Іштен жану қозғалтқышы), беріліс қорабын майдың жылыстауына және ағып кетуіне тексеру;
- авто және арнайы техниканы пайдалануға рұқсат беру құжаттарының болуын тексеру (техникалық паспорт, сақтандыру, жол парағы, ауысым алдындағы/кейінгі/медициналық тексеруден өту нысаны, жүргізуші куәлігі);
- өрт сөндіргіштің, дәрі қобдишасының және авариялық белгінің бар-жоғын және жарамдылығын тексеру.
• Қажетті пайдалану-техникалық құжаттаманы (жөндеу-пайдалану паспорттарын) жүргізу және оған уақтылы өзгерістер енгізу;
• Сканерлер және басқа да арнайы құрылғылар арқылы диагностика жүргізу арқылы авто және арнайы техниканың ақауларын анықтау;
• Ішкі белгіленген үлгі бойынша өтінім нысанын жасай отырып, техникалық қызмет көрсетуге (ТҚК) және жөндеуге авто және арнайы техниканы қабылдау-беру-қайтару:
- сәйкестендіру деректері, күні, автокөлікті ТҚК немесе жөндеуге беретін қызметкердің аты-жөні;
- шанақтың, шынылардың, жарықтандыру аспаптарының, автошиналардың жалпы жай-күйі, аспаптың болуы;
- ТҚК немесе жөндеу бойынша ұсыныстарды көрсете отырып жүргізілген диагностикалау деректері;
- саны немесе көлемі көрсетілген қосалқы бөлшектерді жөндеу, орнату немесе ауыстыру бойынша деректер;
- қабылдау-тапсыру үшін жауаптылардың қолдары.
• Компания қызметкерлеріне автокөлікті бекіту туралы бұйрықты шығару;
• Авто және арнайы техниканың техникалық дұрыс пайдаланылуын бақылау;
• 1С TҚКжЖ және OMNICOMM жүйесінде пайдалану көрсеткіштеріне талдау жасау және жүргізу;
• КО және арнайы техниканың ақаулықтарын диагностикалау процестерін жақсарту бойынша құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
• Авто және арнайы техниканың тиімді және ұтымды пайдаланылуын бақылау;
• ТҚК және авто және арнайы техниканы жөндеу бойынша кестелер жасауға қатысу;
• Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес авто және арнайы техниканы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге қатысу;
• Жаңа авто және арнайы техниканы, сондай-ақ авто және арнайы техникаға қызмет көрсету және жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді сатып алуға техникалық тапсырмаларды әзірлеуге және техникалық талдау жүргізуге қатысу;
• Басшылыққа белгіленген есептілік нысандарын уақтылы ұсыну;
• Көлікті жөндеу тобымен бірлесіп техникалық қызмет көрсетуді жоспарлауды, авто және арнайы техниканы жоспарлы және күрделі жөндеуді, қосалқы бөлшектер бюджетін жүзеге асыру;
• Автомобильдерді, жол-құрылыс машиналарын және ЖКМ(жүк көтергіш механизмдер) пайдалану жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысу;
• Қорлардың жай-күйіне мерзімді тексерулер жүргізуге қатысу және ТМҚ (тауарлық-материалдық құндылықтар) түгендеу рәсіміне қатысу;
• Қызметтік міндеттерін орындау үшін қызметтік іссапарларға шығу;
• Тиісті куәлігі және көлік жүргізуге рұқсаты болған кезде қажет болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін компанияның автокөлігін жүргізу;
• Жұмыс аймағын таза және қауіпсіз күйде ұстау;
• Компания қызметкерлерін вахталық ауыстыру кезінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысу (мердігер ұйымның атотранспорттарының техникалық жай-күйін тексеру);
• Кеніштің ішкі рейстерінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысу (мердігер ұйымның атотранспорттарының техникалық жай-күйін тексеру);
• Көлік құралдары мен арнайы техниканың аккумуляторлары мен шиналарын пайдалану есебін жүргізу.
• ЖКМ-ді ПТҚК және ІТК өткізуге қатысу;
• Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарды, жұмыс нұсқаулықтары мен ережелерін әзірлеуге қатысу;
• Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау;
• Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу;
• Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Компанияның басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру;
• Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау (бағынушылары болған жағдайда);
• Компания басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау;
• Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау (бағынушылары болған жағдайда);
• Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау (бағынушылары болған жағдайда);
• Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу;
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс);
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);Білім:
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім;
В, С санатындағы көлік құралдары жүргізушісінің құқықтары.Дағдылар:
1. Автокөлік құралдарының құрылысы, мақсаты, техникалық-пайдалану деректері, техникалық пайдалану қағидалары, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;
2. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және технологиясы;
3.Авто және арнайы техниканың құрылысы, техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, тағайындалуы мен пайдалану ережесі;
4. Авто және арнайы техниканың техникалық жай-күйін диагностикалау әдістері;
5. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер бөлігінде Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидалары
6. Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
7. Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
8. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
9. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
10. Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
11. Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;Қосымша:
Компьютерді сенімді пайдаланушы деңгейінде білу;
Жол қозғалысы ережелерін білу;
Қазақ тілін жетік меңгерген жөн;
Кәсіби сертификаттаудың болуы - мақұлданады
Командада жұмыс істеу қабілеті;
Жұмыс орнындағы тиімді қарым-қатынас дағдылары;
Өзара көмек, еңбекқорлық, жауапкершілік.Білетін тілдер:
Қазақ, орыс