АЛС бригадасының радиобайланыс электромеханигі

306810 - 325044
Кызылординская дистанция сигнализации и связи Шиелі а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
422

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Жұмысшы өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында арнайы киім киюге тиісті.

Жұмыс орнында еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.

Өзі қызмет көрсететін құрылғыларды дұрыс күйде ұстауды теориялық және практикалық тұрғыда білуге, сонымен қатар бір мезетте радиобайланысты пайдаланушыларға поездық радиобайланыс құрылғысымен айналысу ережесі және тәртібі туралы нұсқама жүргізу;

ПРБ құрылғыларын қарап тексеруге және әрекетін тексеруге, бұл ретте радиобайланысты қолданатын адамдарға біруақытта ПРБ құрылғыларын қолдану тәртібі мен қағидалары  туралы нұсқаунама жүргізуге, ПРБ аппаратурасын қарап тексерулер мен олардың әрекетін тексерулер қорытындыларын ДУ-46 журналына жазуға

ПРБ, ТЕТРА және ПСГО құрылғыларын қолданатын қызметкерлермен анықталған кемшіліктер бойынша ПРБ,ТЕТРА және ПСГО құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіруге.

ПРБ қолданатын қызметкерлермен, сондай-ақ вагон-зертханалардың телім бойынша жүріп өтуі кезінде бақылау тексеруі немесе диагностикалық автоматты бақылау нәтижесінде анықталған радиостанциялардың жұмысындағы барлық кемшіліктерді аға электромеханик немесе телім бастығы белгілеген мерзімдерде жоюға.

ПРБ құрылғыларын тексеру, реттеу  және жөндеу үшін БЖП-ға алып баруға

Антенналық фидерлердің тұтастығын бақылай отырып, стационарлық антенналарға қарап тексеру мен жөндеуді орындауға, қызмет көрсету мен жөндеудің үлгілі технологиялық үдерісіне сәйкес АКҚ тексеруге және баптауға (ГМТ диапазоны үшін-4аптада 1рет, МТ мен ДМТ диапазондары үшін- жылына 1 рет)

Орнату шкафтарын және пломбалау үшін құралдары бар басқа блоктарды пломбалауға

Вагон-зертхананың учаске бойынша жүріп өтуі кезінде анықталған ПРБ құрылғыларының жұмысындағы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдануға.

ТЕТРА стандартындағы цифрлық радиобайланыс құрылғыларына технологиялық процесс кестесіне сай күтім-баптау, тексеру жұмыстарын жүргізуге, техникалық жағдайын және тұтастығын бақылауға, қажетті жиіліктерге программалауға.

ПСГО құрылғыларына технологиялық процесс кестесіне сай күтім-баптау, тексеру жұмыстарын жүргізуге, техникалық  жағдайын және тұтастығын бақылауға.

Жерге тұйықтау құрылғыларына сырттай бақылау жасау

31.12.2014ж. №1746-ЦЗ, 04.12.2019ж №889-ЦЗ бұйрығы «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Белгі беру және байланыс дистанцияларында техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау ережесінің негізгі талаптарын басшылыққа ала отырып технологиялық процесті орындау.

Техникалық сабақтарға қатысуға және ПРБ, ТЕТРА, ПСГО құрылғыларының жұмысына қатысты ақпараттарды өз бетінше ізденіп, білімін жетілдіру

Аға электромеханиктің немесе дистанция басшыларының тапсырмасымен құрылғыларды қалпына келтіру бойынша басқа телімдерге көмек көрсетуге

Өз телімінде жасалып жатқан жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау жүргізу, орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысуға

Тасымалды радиостанция құрылғыларына   техникалық күтім-баптау жасау және жұмысқа жарамдылығын тексеруге, қажетті жиіліктерге программалауға.

Өндіріс қауіпсіздігін басқару      жүйесін басшылыққа ала отырып, өндіріс қауіпсіздігінің деңгейін жақсарту үшін  жұмыс барысындағы кемшіліктерді азайту және оларды қайталамау.

Жұмыс орнындағы тиісті тәртіппен бекітілген аппаратураларды, өлшеу-бақылау аспаптарымен құралдардың жарамды болуын және сақталуына жауап беру.

Жұмыс орнындағы ПРБ, ПСГО,ТЕТРА құрылғыларының техникалық құжаттамаларының мазмұны, сәйкестігі, дұрыстығы және сақталуын қадағалау

Барлық атқарылған жұмыстарды жұмыс журналына тіркеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж