«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Тараз станция бастығының орынбасары (логистика бойынша)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Вагондарды беру және жинау шарттарының орындалуын бақылайды оның жергілікті нұсқаулықтардың, станцияның ТРА және басқа да регламенттеуші құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексереді;
- станциялық және кірме жолдарда, жөндеу жолдарында вагондардың тоқтап қалуын бақылауды жүзеге асырады. Оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, әсіресе басқа мемлекеттердің вагондарының ұзақ уақыт бойы тиістілігі кезінде.
- қызметкерлердің Жүктерді қабылдау және беру қағидаларын, "теміржол көлігі туралы" ҚР Заңын, акт-шағым жұмысы жөніндегі нұсқаулықты, тарифтік басшылықты, жоспарлау қағидаларын, жүкті тиеу мен бекітудің техникалық шарттарын, қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын, СМГС, СИ-ді СМГС-ке, басқа да нормативтік актілерді орындауын бақылайды.
- акт-шағым жұмысы жөніндегі нұсқаулықтың және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жедел хабарламаларды жасау мен берудің уақтылығы мен сапасына бақылау жасайды және жауапты болады.
- әр түрлі жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың және бақылаушы органдардың талаптары бойынша уақтылы тергеп-тексеруді, хаттары мен сауалдарына уақтылы жауап беруді бақылауды жүзеге асырады.
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын сақтау, жүк шаруашылығындағы технологиялық процестерді, нұсқаулықтарды және басқа да регламенттеуші құжаттарды сақтау бойынша жұмыстарға талдау жүргізуді ұйымдастырады;
- межелі станцияда кедендік бақылаумен жүктер келген кезде және Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде станциялардың кеден заңнамасын сақтау жөніндегі жұмысына бақылауды жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарында кемінде 2 жыл немесе станциялық/маневрлік диспетчер, 1-2 сыныптан тыс станция бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)