Артқа

Түйіндемені қалай толтыру керек

Түйіндемені толтыру үшін сайтқа тіркелу немесе жеке кабинетке кіру қажет.

Одан әрі ұсынылған форма бойынша профиліңізді толтырыңыз. Түйіндемені «Жеке ақпарат» бөлімінен бастаңыз. Туған күніңізді, азаматтығыңызды, көшіп-қонуға дайын/дайын еместігіңізді көрсетіңіз.


Деректерді мұқият тексеріп, «Сақтау» батырмасын басыңыз.


Жұмыс тәжірибеңізді егжей-тегжейлі сипаттаңыз, дағдыларыңыз бен қабілеттеріңіз туралы жазыңыз. «Күтілетін жалақы деңгейін», «Қалаған лауазымды» көрсетіп, үш «Мамандықтың» бағытын таңдаңыз.

Орындайтын нақты міндеттеріңізді атап өтіңіз, жұмыста қажетті пайдалы болатын міндеттерге назар аударыңыз.

«Жұмыс орны» бөлімін толтырыңыз - егер Сіздің жұмыс орныңыз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін ұйым болса, құсбелгіні қойып, тізімнен өз компанияңызды таңдаңыз. Егер басқа ұйымдарда жұмыс істесеңіз - ұйым атауын көрсетіңіз.

«Оқу орны» бөлімін толтырыңыз - оқу орнын және алған дәрежеңізді көрсетіңіз.


«Дағдылар» бөлімінде дағдыларыңыз бен тілдерді меңгеру деңгейіңізді сипаттаңыз. «Сақтау» батырмасын басыңыз.