Ішкі бос жұмыс орнына қалай өтінім беруге болады?
Ішкі бос жұмыс орнына өтінім беру үшін келесі шарттарды орындау қажет:
-
Резюмеңіз кемінде 50% толтырылған болуы керек.
-
Жеке парақшаңызда ЖСН (ИИН) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Одан кейін келесі қадамдарды орындаңыз:
-
«Жұмыс тәжірбиесі» парақшасына өтіңіз — Сіз автоматты түрде жеке кабинетке кіресіз.
-
«Жұмыс тәжірбиесі» бөліміне өтіп, «Жұмыс орнын қосу» батырмасын басыңыз.
-
«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобының компаниясы» жолына міндетті түрде белгі қойыңыз.
-
Ашылмалы тізімнен тиісті компанияны таңдаңыз.
-
«Қазіргі уақытта осы жерде жұмыс істеймін» деген жолға белгі қойыңыз.
-
«Міндеттері, функциялар, жетістіктері» жолын толтырып, «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Барлық қадамдарды орындағаннан кейін, ішкі бос жұмыс орнына өтінім бере аласыз.