Жұмысқа орналасу кезіндегі комплаенс-тексеру
«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компанияларға жұмысқа орналасу кезіндегі комплаенс-тексеру
Комплаенс-тексеру дегеніміз не?
Комплаенс-тексеру – бұл кандидаттың аффилирленуін, адалдығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін бағалау бойынша міндетті процедура. Бұл тексеру ашықтықты қамтамасыз етуге, мүдделер қақтығысының алдын алуға және корпоративтік этиканы сақтауға бағытталған.
Тексеру келесі кандидаттар үшін жүргізіледі:
- СЕО-1, СЕО-2 деңгейіндегі лауазымдарға үміткерлерге
- Сатып алу құрылымдарындағы үміткерлерге
- Кейбір компанияларда – ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес басқа лауазымдарға да қолданылады
Тексерудің негізі
«Самұрық-Қазына» Қоры тобына кіретін барлық компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізілген және адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар іске асырылып жатыр.
Тексеру процесін автоматтандыру үшін E-Compliance атты орталықтандырылған жүйе енгізілген.
Кандидат үшін тексеру кезеңдері
Егер Сіздің кандидатураңыз комплаенс-тексеруге жататын болса, келесі қадамдар орындалады:
- Хабарлама алу:
Сіз тексерудің басталғаны туралы хабарламаны электрондық поштаңызға және жеке кабинетіңізге аласыз. Хабарлама Сіз таңдаған жұмыс тіліне (мемлекеттік немесе орыс тілі) сәйкес жіберіледі. - Форманы толтыру:
Хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, келесі деректерді көрсету қажет:
- Аты-жөніңіз
- ЖСН
- Жақын туыстарыңыз туралы ақпарат
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру
- Деректерді жіберу:
Барлық өрістерді толтырған соң, «Сақтау» батырмасын басыңыз. Деректер E-Compliance жүйесіне автоматты түрде жіберіледі. - Орындау мерзімі:
Тексеру барлық қажетті ақпаратты берген сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін жүргізіледі.
Бұл не үшін қажет?
Комплаенс-тексеру – бұл іріктеу процесінің маңызды бөлігі. Ол:
- Жұмысқа қабылдаудағы ашықтық пен айқындық қағидаттарын сақтау
- Мүдделер қақтығысының алдын алу
- Корпоративтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында жүргізіледі