"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметінің диспетчері

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
1074

   Конкурс туралы

Қаланы және бекітілген қала маңындағы кенттерді газбен жабдықтау көздерін, тарату газ құбырлары мен олардағы құрылыстардың орналасуын, ГРП, ШРП-ны білу және газбен жабдықтау схемасы бойынша нақты бағдарлану.

Аварияларды жою жоспары бойынша және аварияларды жою бойынша түрлі ведомстволардың (полиция, өрт күзеті, электрмен жабдықтау, байланыс, Су Арнасы ұйымдарының жедел жәрдем) қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспары бойынша жұмыс істей білу.

Қабылданған авариялық өтінімдерді "ИЦА" АҚ "Тараз" МГҚ мастеріне береді, "Тараз" МГҚ АҚҚ бригадаларымен тұрақты байланысты жүзеге асырады, авариялық өтінімдер журналына берілген өтінімдердің орындалуы туралы жазба енгізеді, аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.

Телефон және радиобайланыс құралдарының жарамдылығын, сондай-ақ телемеханика және АБЖ құралдарының болуы мен жарамдылығын бақылайды. Ақаулар туралы АҚҚ бастығына дереу баяндайды, ақауларды жою жөнінде шаралар қабылдайды, журналға телефон және радиобайланыс ақауларының, сондай-ақ телемеханика құралдары мен АБЖ ақауларының барлық жағдайларын енгізеді.

Кезекшілікке келген кезде орындалатын істердің жай-күйімен және кезекте тұрған авариялық өтінімдермен танысады. Кезекшілікті тапсыру кезінде қабылдаушыға істің жай-күйі туралы баяндайды.

Газбен жабдықтау жүйесі элементтерінің ақаулығына авариялық өтінімдерді белгіленген нысандар бойынша қабылдауды және ресімдеуді жүргізеді және өтініш берушілерге авариялық бригада шақырылған жерге келгенге дейін қажетті қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау береді.

Газбен жабдықтау жүйесінің ағымдағы жай-күйі туралы және газбен жабдықтау режимінің өзгеруіне байланысты газ құбырында Орындалатын жұмыстардың сипаты туралы ақпараттың толық көлемін жинауды және тіркеуді қамтамасыз етеді.

"Тараз" МГҚ авариялық бригадасының өтінімге шығуын өтінім түскен сәттен бастап 5 минуттан кешіктірмей бақылайды.

Қажет болған жағдайда АҚҚ бастығын, филиал басшыларын, Тараз қаласы әкімдігінің, полиция және өрт күзеті өкілдерін, жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін апат орнына (жағдайдың сипаты мен дамуын ескере отырып) хабарлайды және шақырады.

Барлық авариялар мен жазатайым оқиғалар туралы дереу хабардар етуге тиіс.

Орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмай немесе жалпы орта білім, арнайы бағдарлама бойынша оқыту және басқару (өндіріс) процесін жедел реттеу бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде осы ұйымда кемінде 1 жыл

ауысымдық жұмыс