Департаменттің бас менеджері құқықтық қамтамасыз ету және тұрақты даму
“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Компанияның қызметін құқықтық сүйемелдеу бойынша, соның ішінде келіссөздерге қатысу немесе оларды құқықтық тұрғыдан сүйемелдеу, әріптестермен және контрагенттермен құқықтық мәселелер бойынша өзара әрекеттесу, құжаттарды дайындау және құқықтық сараптама жүргізу, заңдық қорытындылар әзірлеу, заңнаманы талдау, құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беру арқылы жүзеге асырады. Жобалық қызметтің міндетіне жататын бағыттары Басқарушы директордың, Департамент директорының немесе Компания басшылығының шешімімен айқындалады.
- Тұрақты даму саласындағы үрдістерді, халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді, соның ішінде халықаралық және трансұлттық компаниялардың тәжірибесін талдайды, сондай-ақ оларды Компания мен ЕТҰ-ға енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
- Басқарушы директордың, Департамент директорының немесе Компания басшылығының тапсырмасы бойынша Компания іске асыратын жобаларда Компанияның мүдделерін білдіреді.
- Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының және Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында Корпоративтік басқару кодексін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының Департамент құзыретіне жататын тармақтарының орындалуын талдайды және мониторинг жүргізеді.
- Компанияның бас директорының, Директорлар кеңесінің және Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері жобаларын, ішкі нормативтік құжаттарын, Компанияның жобалық құжаттамасын, шарттарын, сенімхаттарын және Компания қызметіне қолданылатын заңнамаға сәйкес өзге де құжаттарды дайындауды және құқықтық сараптауды жүзеге асырады.
- Еңбек дауларын қарайды, еңбек құқықтарына қатысты консультациялар береді.
- Компанияның заң консультанттарымен өзара әрекеттеседі.
- Сенімхат немесе өзге де құжат негізінде (қажеттілігіне қарай) Компанияның мүдделерін үшінші тұлғалармен қатынастарда, мемлекеттік органдарда, соттарда және ҚР арбитраждық органдарында қорғайды.
- Еншілес ұйымдардың мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жөніндегі жоспарының орындалуына талдау, мониторинг және бақылау жүргізеді.
- ЕТҰ-ларда Корпоративтік басқару кодексі талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік туралы есептердің орындалуына талдау және мониторинг жүргізеді.
- Міндетіне жататын бағыттар шеңберінде Компания қызметкерлерін қолданыстағы ҚР заңнамасы, Компанияның жобалық келісімдерінің негізгі талаптары туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді, тақырыптық презентациялар дайындайды және өткізеді.
- Міндетіне жататын бағыттар аясында ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді.
- Компанияның қатысатын өңірлеріндегі әлеуметтік даму деңгейіне мониторинг жүргізеді.
- Компанияның қатысатын өңірлерінде еншілес ұйымдар бастамашылық еткен әлеуметтік жобалар бойынша есепті қалыптастырады.
- Міндетіне жататын бағыттар аясында ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асырады.
- Тұрақты даму мәселелерін талқылау мақсатында Компания басшылығы үшін арнайы сессия ұйымдастырады.
- Міндетіне жататын бағыттар бойынша құқықтық сипаттағы құжаттарды электрондық форматта және қажет болған жағдайда қағаз жүзінде жүйелеуді ұйымдастырады.
- ҚР заңнамасы аясында құқықтық консультациялар береді.
- Департаменттің жұмысын жетілдіру бойынша Департамент директорына ұсыныстар енгізеді.
- Компанияда белгілі бір міндеттерді шешу үшін уақытша құрылатын жұмыс топтарына қатысады.
- Тұрақты даму жөніндегі Нұсқаулықты әзірлеуге/актуалдандыруға қатысады.
- ҚР заңнамасы аясында құқықтық мәселелер бойынша консультациялар береді.
- Департамент директорының тапсырмасы бойынша Департамент құзыретіне кіретін өзге де функцияларды орындайды.
- Интеграцияланған жылдық есептің орыс тілінен ағылшын тіліне аудармасының түпнұсқалығын тексереді.
- Корпоративтік басқару және тұрақты даму мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды және әдіснамалық базаны әзірлеуді/актуалдандыруды жүзеге асырады.
- Компания басшылығымен, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және қызметкерлерімен, Компанияның Акционерлердің жалпы жиналысымен және Директорлар кеңесімен, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен Департаментке жүктелген функциялар мен құқықтарға сәйкес өзара әрекеттеседі.
- Компанияның ағымдағы қызметінің барлық стейкхолдер топтарының күтулеріне нақты сәйкестігіне қатысты өзін-өзі бағалау мен талдау жүргізеді.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім (менеджмент, экономика, юриспруденция, экология, тұрақты даму).
- Халықаралық және қазақстандық заң компанияларында және (немесе) энергетика саласын реттеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдарда, және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және/немесе Компанияның акционерлерінде және/немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғаларда қызмет бағытының бейініне сәйкес кемінде 2 жыл практикалық жұмыс өтілі.
- ҚР нормативтік құқықтық актілерін білу, соның ішінде энергетика секторы қызметіне, сондай-ақ ЖЭК дамыту саласына қатысты (бұдан әрі – Компания), Қазақстан Республикасындағы филиалы (бұдан әрі – Филиал) арқылы жүзеге асырылатын қызметті реттейтін актілерді білу.
- Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ақпаратты ашу саласындағы базалық білімдердің болуы.
- Ағылшын тілін білу.
- Әртүрлі ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесу дағдылары.
- Жоспарлау, талдау және тиімді аналитикалық жұмыс жүргізу дағдылары.
- Іскерлік хат алмасу дағдылары.
- Келіссөздер жүргізу дағдылары.
- Деректерді талдау құралдарын меңгеру.
- Акционермен, әріптестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сондай-ақ сыртқы заң консультанттарымен өзара әрекеттесу дағдылары.
Ұқсас вакансиялар
"Кедентранссервис" АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалының Инженер-энергетигі
Филиал АО «Кедентранссервис» по г. Астана и Акмолинской области | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.12.2025 | 387
504010 - 529662
Электромеханик района электроснабжения ст Балхаш участок 1 группы 2 пусковой уч.Достык-Мойынты Акадырская дистанция электроснабжения Карагандинское отделение магистральной сети Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети»
Акадырская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарағанды облысы
12.12.2025 | 143
328286 - 347796
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженер-технологы Все права защищены. Используйте активную ссылку: https://qsamruk.kz/cabinet/vacancy-update/88951
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
12.12.2025 | 125
345356 - 365356 KZT