"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Астана электрмен жабдықтау дистанциясын электрлендіру бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бюджетiн қалыптастыруға қатысу;
- электрмен жабдықтау дистанциялары филиалдарында жоспарлы тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар беру;
- электрмен жабдықтау сұлбаларын, тарту қосалқы станцияларының, автотрансформаторлық қоректендіру пункттерінің, секциялау посттарының, параллель қосу пункттерінің бір желілі сұлбаларын, сондай-ақ дистанция қосалқы станцияларындағы енгізілетін жабдықтарға қатысты өзгерістер мен ұсыныстарды қарау және келісу;
- электрмен жабдықтау дистанциялары тарапынан тарту қосалқы станцияларының, секциялау посттарының, параллель қосу және автотрансформаторлық пункттердің жабдықтарына жылулық бейнелеу (тепловизиялық) тексерулердің жүргізілуін бақылау;
- электрмен жабдықтау дистанциялары тарапынан трансформатор майының хроматографиялық талдауының жүргізілуін бақылау;
- филиалдар тарапынан жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша әзірленген іс-шаралардың орындалуын бақылау;
- электрмен жабдықтау құрылғылары мен басқа да нысандардың теміржол қозғалысының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін тиісті жағдайда ұсталуы бойынша филиалдар жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- магистральдық теміржол желісінің энергетика нысандарын ұстау нормалары мен жөндеу және пайдалану талаптарын реттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру;
- электрмен жабдықтау құрылғыларының күрделі жөндеуін, пайдаланылуын, дамуын және қайта жаңғыртылуын ұйымдастыру;
- Департамент бойынша жабдықтардың зақымдануы мен істен шығуы жөніндегі жедел ақпаратты жинау және талдау;
- электрмен жабдықтау дистанцияларындағы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (АСКУЭ) жұмысын бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі электрэнергетика саласында;
- Жұмыс өтілі: қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар