"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Ақтөбе стансасы бойынша парк кезекшісі

от 289370
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
170

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) ДУ-67 нысанды журналда парк бойынша кезекшінің жүргізуіндегі тежеуіш табандықты нөмірлеп есепке алуды жүргізеді;
2) станса бойынша қолданыстағы ескертулерді салыстырады;
3) ескерту беру мен жоюға өтінімдер мен жеделхаттарды қолма-қол және e-telegram жүйесі арқылы қабылдайды, ДУ-60 нысандағы ескертулер арнайы кітабына жазады, нөмірлейді және локомотив машинисі мен оның көмекшісіне беру үшін ДУ-61 нысандағы бақылау бланкісіне жазып береді;  
4) ДСП жанындағы оператор арқылы телефон арқылы пойыз диспетчері берген күтпеген ескертулер туралы бұйрықтармен танысады және салыстырады және с.с.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: білімі жоғары болса: Тасымалды ұйымдастыру,қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); білімі орта болса (техникалық және кәсіптік):Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (сала бойынша); Темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және басқару
  • Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болса:  пойыз құрастырушысы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші, бағыттама постының кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, сигнал беруші, станса кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында 1 жылдан кем емес, білімі орта болса (техникалық және кәсіптік): пойыз құрастырушысы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші, бағыттама постының кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, сигнал беруші, станса кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж