ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды сигнализация және байланыс дистанциясы технологиялық құжаттаманы жүргізу бойынша бригаданың 1 санатты СОБ құрылғыларын паспорттау техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженері

358825 - 374943
Карагандинская дистанция сигнализации и связи Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
304

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірістік учаскелерді бекітілген Техникалық құжаттамамен қамтамасыз етеді;
  • құрылғыларды жаңа салу және жаңарту үшін жобаланған құжаттаманың толықтығы мен сапасын тексереді;
  • техникалық құжаттаманы уақтылы жаңартады, ескірген және ауыстырылған құжаттаманы мұрағатқа тапсырады;
  • жаңа құрылғыларды енгізу және қолданыстағы құрылғыларды реконструкциялау кезінде жобалық құжаттаманы, енгізілетін құрылғыларға актілерді бақылауды жүзеге асырады;
  • есепті ШНС сәйкес қолданыстағы құрылғылардың өзгерістерін есепке алудың тиісті журналында қолданыстағы байланыс құрылғыларының өзгерістерін есепке алуды және енгізуді бақылауды жүргізеді
  • жаңадан енгізілетін құрылғыларға "байланыс, радиобайланыс, КТСМ, КП КРП құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулықтарды" жасайды, қолданыстағы құрылғыларға енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы құрылғыларды жаңартады және түзетеді;
  • байланыс учаскелерін технологиялық карталар және байланыс құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар бойынша тәуелділікті тексеру актілерінің нысандарымен қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылайды;
  • қолданыстағы байланыс, радиобайланыс, КТСМ, КП КРП12 құрылғыларына арналған Техникалық құжаттамамен жоспарлы жұмыстарды орындауға қатысады.Жылына кемінде бір рет байланыс, радиобайланыс, КТСМ, КП КП құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың барлық даналарының өзара сәйкестігін тексереді;
  • байланыс учаскелерін нормальдармен, байланыс құрылғыларына паспорттармен және т. б. қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта техникалық
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы