Бас инженер (Өндірістік-техникалық басқару)

"ШалкияЦинк" LTD АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
162

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Кен жұмыстарын жоспарлау:

  • Оперативті жоспарлауды, ағымдағы есепті және өндірістік қызметті бақылауды жетілдіру бойынша шараларды әзірлейді және өткізеді;
  • Жоспарланған жұмыстар көлемін фактілік орындаумен салыстырмалы талдау жүргізеді;
  • Өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерге кеңес береді.

Өндірістік құжаттаманы әзірлеу және есептілікті қалыптастыру

  • Геологиялық зерттеу және жер қойнауын пайдалану бойынша жұмыстар жобасының өндірістік-техникалық бөліктерін әзірлейді;
  • Техникалық құжаттаманың және әзірленетін жобалардың техникалық шарттарға, стандарттарға және құрылыс пен жобалауға қатысты басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ техникалық құжаттаманың тапсырмаға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның оперативті есептілігін құрастыруға қатысады.

ПТУ қызметі және жобалық шешімдерді әзірлеу

  • Жұмыс орындарында және технологиялық процестерде қауіптерді болдырмау шараларын қабылдайды, профилактика, тексеру, өндірістік жабдықты және технологиялық процестерді қауіпсіз күйде ұстау арқылы;
  • Рудник құрылысындағы жобаларды әзірлеу және олардың іске асырылуын талдау және жинақтау жұмыстарында қатысады;
  • Жобалық шешімдерді әзірлеу бойынша тапсырмаларды орындайды.

Талаптар:

  • Кен ісі, маркшейдерлік немесе геология саласында жоғары техникалық немесе орта-арнайы білім;
  • Сол сияқты лауазымдарда кемінде 3 жыл;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру;
  • Autocad, Datamine сертификатының болуы артықшылық болып табылады.

Шарттар:

  • Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру;
  • Кандидаттарды конкурс арқылы таңдау;
  • Бес күндік жұмыс аптасы;
  • Жұмыс орны: Шалкия ауылы, Жанакорган ауданы, Қызылорда облысы.