"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "БП Алматы бөлімшесі"филиалының Достық станциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы
- Құрылған күні:
-
13.08.2025
- Берілген өтінім:
- 6
- Қаралған саны:
- 330
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Поездар қозғалысының қауіпсіздігін және маневрлік жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жасалуына және жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру.
- Станциялардың технологиялық процесін, карталарын және техникалық-өкімдік актісін әзірлеуге және оларға өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуіне бақылауды жүзеге асыру.
- Станциялардың поездық және техникалық құжаттамамен, тежегіш аяқ киіммен, тасымалды радиостанциялармен, фонарлармен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
- Станция шаруашылығының жай-күйіне көктемгі, күзгі тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрамына қатысу;
- Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін, нұсқаулықтарын, ТТЭ, ЖДП, ИСИ талаптарын білуге сынақтар жүргізу жөніндегі комиссия құрамына қатысу. Станция шекарасындағы құрылғыларды, құрылыстарды дамыту, реконструкциялау, ғимараттардың, объектілердің техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізу, ағымдағы, күрделі жөндеуді, жаңа құрылысты жоспарлау, ақаулы актілерді, техникалық тапсырмаларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобаларды, сметаларды ресімдеу, қарау, келісу жөніндегі жұмысқа қатысу.
- Бөлімнің барлық қызметкерлерінің поездар қозғалысы қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және лауазымдық міндеттері бойынша нұсқаулықтарды, бұйрықтар мен нұсқаулықтарды орындауын бақылауды жүзеге асыру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: жетекші инженер лауазымында кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр