Экономикалық жоспарлау Департаментінің бас менеджері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
1262

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық модельдерді әзірлейді.
  • Жобалардың қаржыландыру құрылымын модельдейді: қарыз қаражаттарының үлесін, қарыз құнын айқындайды, өтеу кестелерін қалыптастырады, ковенанттардың сақталуын бақылайды.
  • Есептеулер мен зерттеулердің нәтижелері бойынша талдамалық жазбалар дайындайды.
  • Басқарушылық есептілікті қалыптастырады (P&L, Cash Flow, CAPEX, OPEX, KPI).
  • Бюджеттің орындалуын талдайды: кірістер, шығыстар, ЕҚҚ (ФОТ) және капиталдық салымдар.
  • P&L бойынша жоспар–факт талдауын жүргізеді, ауытқулар мен әсер етуші факторларды анықтайды, түзетулер бойынша ұсыныстар әзірлейді.
  • Болжамдар құрайды және жылдық бюджеттеу процесіне қатысады.
  • Талдамалық есептерді, дашбордтарды қалыптастырады, презентациялық материалдар дайындайды.
  • Басшылыққа, Бақылау кеңесіне және қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға қызметтік жазбалар, қорытындылар мен түсіндірме материалдар дайындайды.

Талаптар:

  • Жоғары экономикалық/қаржылық/есеп/аудит немесе математикалық білім; магистр дәрежесі, MBA немесе менеджмент саласындағы қосымша білім болғаны жөн.
  • ACCA/CIMA/CFA/DipIFR/PMP курстары немесе сертификаттарының болуы.
  • Экономика, есеп және аудит, қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде басқарушылық есептілікке мамандану; энергетика саласындағы ұйымдарда, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры құрамындағы құрылымдарда (активтерді басқару бойынша топ-20 ұйым) жұмыс тәжірибесі.
  • Big4 компанияларында жұмыс тәжірибесі — артықшылық.
  • Ұйымның қаржылық модельдерін құру, сараптау және талдау тәжірибесі.
  • Стратегиялық, орта мерзімді және операциялық жоспарлау бойынша нормативтік құжаттама мен әдістемелерді әзірлеу тәжірибесі.
  • Компанияның жылдық бюджетін қалыптастыру және мониторинг жүргізу тәжірибесі.
  • Консолидирленген басқарушылық есептілікті қалыптастыру тәжірибесі.
  • Ұзақ-, орта мерзімді және жылдық негізгі/процестік қызмет көрсеткіштерін әзірлеу, мониторинг жүргізу және орындау нәтижелерін талдау тәжірибесі.
  • Қаржы-экономикалық блоктағы процестерді автоматтандыру тәжірибесі.
  • КПД жүйесін құру және басқару принциптерін білу.
  • Жылдық және орта мерзімді негізгі қызмет көрсеткіштерін теңгерімдеу принциптерін білу.
  • Негізгі/процестік қызмет көрсеткіштерін ұйым құрылымы бойынша каскадтау принциптерін білу.
  • ХҚЕС (МСФО) стандарттарын білу.
  • Компанияның бизнес-жоспарлауын және жылдық бюджетін қалыптастыру дағдылары.
  • Қызметті талдау және басқарушылық есептілік жүргізу дағдылары.
  • Негізгі/процестік қызмет көрсеткіштерінің орындалу тиімділігін талдау дағдылары.
  • КПД жүйесінің архитектурасын басқару дағдылары.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби деңгейде, басқарушылық және іскерлік коммуникацияда еркін меңгеру.

Жұмыс шарттары:

  • 5/2 жұмыс кестесі.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)