Пайдалану департаментінің метрология қызметінің бас метрологы
«Қазақстан – Қытай Құбыры» ЖШС Алматы қ.1) Серіктестік объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) Департаменттің бекітілген істер номенклатурасына сәйкес Серіктестік объектілерін метрологиялық қамтамасыз етуге қатысты техникалық құжаттаманы тиісінше жүргізуді ұйымдастыру;
3) мұнайды тасымалдау процесін метрологиялық қамтамасыз етуді, сондай-ақ метрологиялық талаптар қойылатын басқа да технологиялық процестерді іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау;
4) нормативтік құжаттардың, техникалық шарттардың, техникалық тапсырмалардың және өлшеу құралдарының жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу;
5) Департаменттің метрология қызметі әкімшісі болып табылатын шарттар бойынша өлшем құралдарын және нормативтік құжаттарда көзделген өзге де құжаттаманы тексеру кестелерін келісу;
6) өлшеу құралдарын аттестаттау, салыстыру, уақтылы тексеру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету және жүргізуге қатысу;
7) мұнайды қабылдайтын/тапсыратын Серіктестікке немесе тарапқа тиесілі өлшеу құралдарының түрін бекіту мақсатында өлшеу құралдарын, өлшеу аспаптары мен жүйелерін қабылдауға, тексерулер, метрологиялық аттестациялар, сынақтар жүргізуге қатысу;
8) Серіктестіктің магистральдық мұнай құбырларын пайдалану және оларға техникалық қызметтерді көрсететін ұйымның Серіктестіктің магистральдық мұнай құбырлары объектілерін метрологиялық қамтамасыз етуге арналған шығындарын қарау нәтижелерін келісу;
9) Серіктестіктің бюджеті мен сатып алу жоспарын Қызметтің жұмысына қатысты бөлігінде келісу;
10) Қызмет жетекшілік ететін, сатып алуды жүзеге асыруға қажетті тендерлік құжаттаманы келісу;
11) Қызмет жетекшілік ететін баптар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын орындау;
12) басшылықтың бұйрықтарының, өкімдері мен тапсырмаларының, оның ішінде Серіктестіктің электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша берілген тапсырмалардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Серіктестіктің магистральдық мұнай құбырлары объектілеріндегі жабдықтардың істен шығуын, аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
14) Қызмет жұмысының, оның ішінде Қызметтңғ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түзету және алдын алу іс-қимылдарын орындау жөніндегі жоспарлар мен есептерді әзірлеу және ұсыну;
15) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бөлігінде уәкілетті органдардың нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз ету;
16) құрылыс аяқталған, реконструкцияланған немесе бекітілген жобаларға толық сәйкес өндірістік мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеуден кейін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
17) Департамент басшылығының Қызметтің және Департаменттің қызметімен байланысты тапсырмаларын орындау;
18) уақытша болмаған жағдайда (ауру, күтпеген жағдайлар және т. б.) қолжетімді байланыс құралдары (телефон, email және т. б.) бойынша кадр саясаты департаментінің тікелей басшысын және жауапты маманын дереу хабардар ету;
19) Қызмет жетекшілік ететін шарттар бойынша Серіктестік объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету саласында қызметтердің сапасыз көрсетілуі кезінде контрагенттерге наразылық көрсетуді қамтамасыз ету;
20) Қызметтің жұмысына қатысты бөлігінде халықаралық стандарттарға сәйкес Серіктестіктің енгізілген менеджмент жүйелерінің талаптарын уақтылы орындау;
21) Департамент құзыреті шеңберінде соттарда, оның ішінде арбитраждық және аралық соттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында Серіктестік мүдделерін білдіру;
22) міндеттерді орындау Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің, оның ішінде еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік санитария және өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі актілердің, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының және Серіктестіктің енгізілген менеджмент жүйелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Қажетті қабілеттер
- умение читать технические чертежи и схемы;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар
