«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтері

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Ақсу а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
45

   Конкурс туралы

 «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтері

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес көлемде электрқондырғыларға техникалық қызмет көрсетеді.
Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес көлемде жоспардан тыс және ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындайды.
Қорғаныс потенциалын өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Топырақтың коррозиялық белсенділігін аспаптық әдіспен өлшейді. Газ құбыры трассасынан алынған топырақты әрі қарай зерттеу үшін лаборантқа жеткізеді.
Жерасты газ құбырын аспаптық әдіспен техникалық тексеруден өткізеді.
Газ құбырларын шурфтау және бұрғылау әдісімен тексеруді орындайды.
Жер қазу жұмыстарын орындайды.
Оқшаулау (изоляциялық) жұмыстарын жүргізеді.
Жерасты металл құрылымдарының қорғалуы бойынша потенциалдық диаграммаларды сызады.
Маршруттық карталарды жүргізеді, оларға өзгерістерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді, пайдалану қызметі және аудандық газ шаруашылықтарымен салыстырып тексеру жүргізеді.
Орындаған жұмыстар бойынша актілер мен хаттамалар (протоколдар) жасайды.
Құралдар мен жабдықтардың бүтіндігін және сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік деңгейін арттырады, кәсіпорын ұйымдастыратын курстарда оқиды.
Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды. 

Талаптар: 

Орта техникалық және (немесе) кәсіптік білім, сондай-ақ газ саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілі.

Қажетті қабілеттер

  • Внимательность, ответственность, исполнительность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)