«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының директоры

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
219

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелері:

  1. Осы лауазымдық нұсқаулықта, филиал туралы Ережеде және сенімхатта айқындалған функциялар шегінде мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарымен, заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Компанияның атынан өкілдік етеді;
  2. Филиал қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады, тоқтатады және бұзады, оларға көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады, олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
  3. Филиалдың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
  4. Филиалдың қызметін ұйымдастыру мақсатында әзірленген ішкі құжаттарды, соның ішінде интеграцияланған менеджмент жүйесінің құжаттамасын бекітеді;
  5. Филиалдың жедел басқару аймағында көрсетілетін барлық қызмет түрлері бойынша «KEGOC» АҚ жасасқан шарттар бойынша шарттық жұмыстың жүргізілуін бақылайды;
  6. Филиалдың жедел басқару және қызмет көрсету аймағындағы Компанияның электр желілері арқылы электр энергиясын беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады;
  7. Электр станцияларын пайдаланатын тұтынушыларға техникалық диспетчерлендіру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады;
  8. Импортталатын электр энергиясын тұтынушыларға, соның ішінде өңірлік электр желілері бойынша техникалық диспетчерлендіру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады;
  9. Филиалдың қызмет ету аймағындағы көтерме нарық субъектілерімен электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасады;
  10. Компанияның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіп пен шарттарда өзге де шарттар жасасады;
  11. Филиалдар арасында қорлар мен жабдықтар алмасуын жүзеге асырады;
  12. Жөндеу-пайдалану қажеттіліктері, шаруашылық тәсілмен жүргізілетін күрделі құрылыс үшін қорларды есептен шығарады;
  13. Компанияның нормативтік-өкімдік құжаттарына сәйкес филиалдың үмітсіз дебиторлық берешегін есептен шығарады;
  14. Пайдалану мерзімі өткен және жарамсыз жағдайға келген көлік құралдары мен арнайы механизмдерді есептен шығарады және есептен алады;
  15. Өтпейтін ТМЗ-ны есептен шығарады;
  16. Жасасқан шарттардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
  17. Филиалдың балансына бекітілген мүліктің мақсатына сай пайдалануын және сақталуын тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
  18. Филиал туралы Ережеге сәйкес Филиалға жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы орындалуына жауапты;
  19. Ұлттық электр желісінің тұрақты және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бақылау жасайды;
  20. Технологиялық бұзушылықтарды, жазатайым оқиғалар мен өрттерді тергеуді және есепке алуды, оларды болдырмау бойынша іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырады;
  21. Күрделі салымдарды (реконструкция, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, жаңа қуаттар мен объектілерді іске қосу, құрылыстар сметасына кірмейтін негізгі құралдарды сатып алу) жоспарлау мен игеруді ұйымдастырады және бақылайды;
  22. Филиалдың қажеттіліктерін жоспарлауды «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісіп, жылдық сатып алу жоспары шегінде қажетті жабдықтарды, шикізат пен материалдарды сатып алуға бақылау жүргізеді;
  23. Филиал құзыреті шеңберінде оның кіріс және шығыс бюджет бөлігін жоспарлауды ұйымдастырады және бақылайды;
  24. Бекітілген бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізеді, Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен бюджеттің орындалуына бақылау қамтамасыз етеді;
  25. Филиалдың қызметі бойынша ақпарат пен есептерді, соның ішінде бюджеттік көрсеткіштердің орындалуы, Филиал қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін құқықтық құралдарды пайдалану туралы ақпараттарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
  26. Өкілеттікке сәйкес сенімхат негізінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шарттарына қол қояды;
  27. Жоғары білікті қызметкерлерді тарту, дамыту және ұстау, кадр резервін қалыптастыру, персоналды аттестаттау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;
  28. Филиалда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды;
  29. Дау-шағым және құқықтық жұмыстардың жүргізілуіне, Филиал қызметінде заңдылықтың сақталуына бақылау жүргізеді;
  30. Филиал құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ басшылық қызметкерлерінің тапсырмаларының уақытылы орындалуына жауапты;
  31. Филиалдың тиімді және тұрақты қаржы-экономикалық қызметін, «KEGOC» АҚ кірісін ұлғайтуға бағытталған оның серпінді дамуын қамтамасыз етеді;
  32. Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін ұйымдастырады, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға, тауар-материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді;
  33. Шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері бойынша Филиалдың қаржы-экономикалық қызметіне талдау жүргізуге қатысады;
  34. «KEGOC» АҚ және Филиалдың салық міндеттемелерін қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті бюджеттермен өзара іс-қимыл жасайды;
  35. Филиалда қаржылық тәртіпті қамтамасыз етеді;
  36. Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға және «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясына уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
  37. Төлемдер тізілімін бекітеді;
  38. Көрсетілген қызметтер үшін қаражаттың уақытылы және толық түсуін қамтамасыз етеді;
  39. Филиалдың негізгі қызметі бойынша қызмет тұтынушыларымен шарттар жасасуды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  40. Филиалдың қызмет ету аймағында қызметтер үшін ақы төлемейтін тұтынушыларға шектеу қою шараларын қабылдайды;
  41. Тұтынушылармен өзара есеп айырысулардың келісу актілерін тоқсан сайын, жекелеген тұтынушылармен ай сайын келісуді қамтамасыз етеді, олар Атқарушы дирекциядан келіп түседі;
  42. Еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен денсаулыққа зиянсыз болуын, қызметтік және өндірістік үй-жайларда, басқа да Филиал объектілерінде өрт қауіпсіздігі тәртібін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
  43. ҚС және ӘЖ энергетикалық жабдығының сенімділігі мен үнемділігін арттыру жөніндегі техникалық іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;
  44. Технологиялық бұзушылықтарды тергеу нәтижелері, Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің, Өнеркәсіптік қауіпсіздік және тау-кен қадағалау комитетінің, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің нұсқамалары бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
  45. Компаниядағы белгілі бір тәуекелді және/немесе тәуекелдерді басқаруға жауапты, тиісті тәуекелді айқындауға, бағалауға және басқаруға, іске асқан тәуекелдер туралы ақпарат беруге, сондай-ақ осы қызмет бойынша есептілікті ұсынуға жауап береді;
  46. Компания басшылығына төтенше және елеулі оқиғалар туралы шұғыл бастапқы жедел хабарлама береді;
  47. Оқиғалар мен оқыс оқиғаларды ішкі тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамын қалыптастырады;
  48. Филиал қызметкерлерімен болған жазатайым оқиғаларды ішкі тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
  49. Филиал объектілерінде жұмыскерлердің еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады;
  50. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:

  • Электр энергетикасы және өндіріс технологиясы саласындағы арнайы білімдер;
  • «KEGOC» АҚ электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтардың құрамын және параметрлерін білу;
  • Салалық заңнаманы білу;
  • Бюджеттік басқару жүйесінде жұмыс тәжірибесі;
  • Бюджеттеу, келіссөздер жүргізу, инвестициялық және жобаларды әзірлеу мен іске асыру дағдылары;
  • Корпоративтік басқару саласындағы дағдылар;
  • Мемлекеттік органдармен, кәсіподақ ұйымдарымен, өндірістік алаңдармен, БАҚ және басқа да ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
  • Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында ымыраға келу және сындарлы диалог жүргізу қабілеті;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

 

Талаптар: 

  • Инженерия және инженерлік іс (Электр энергетикасы) / Бизнес және басқару бағыттары бойынша жоғары білім;
  • Электр энергетикасы саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болғаны жөн;
  • Электр қауіпсіздігі бойынша V біліктілік тобының болуы;
  • MS Office бағдарламаларымен сенімді жұмыс істей білу;
  • Қазақ, орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілдерін білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Ұқсас вакансиялар

Астана электрмен жабдықтау дистанциясының Астана станциясының түйіспелі торап ауданының электрожөндеушісі
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
17.07.2025 |  773
294868 - 314109
Электр газбен дәнекерлеуші Жезқазған станциясының механикалық шеберханалары, 1-топ учаскесі Жезқазған электрмен жабдықтау қашықтығы "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы"магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі
Жезказганская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды облысы
26.07.2025 |  189
219583 - 228916
Жезқазған станциясының электрмен жабдықтау ауданы (Жаңа желі), 2-топ учаскесі Жезқазған электрмен жабдықтау қашықтығы "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы"магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі
Жезказганская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды облысы
26.07.2025 |  140
227219 - 238246