ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша бас сарапшы

KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
549

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ережелер мен нұсқаулықтар бұзылған жағдайда серіктестік қызметкерлерінің жұмысын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау Алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
  • Жұмыстарды жүргізу бойынша қажетті нұсқауларды сақтау, тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы технологиялық және еңбек тәртібін, қағидалар мен нұсқаулықтарды сақтау;
  • Қазақстан Республикасының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Серіктестік іс-шараларын орындау бойынша бақылау, мониторинг және әдістемелік көмек көрсету;
  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өндірістік бағдарламаларды, бюджеттерді, жоспарларды, нормативтік-әдістемелік материалдарды дайындау және келісу;
  • Еңбек жағдайларының жай-күйіне бақылау жүргізуді, өндірістік бақылау деректеріне жедел талдау жүргізуді және Серіктестіктің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында айқындалатын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауы үшін ұсынымдар дайындауды қоса алғанда, Серіктестік қызметін талдау;
  • Серіктестік қызметкерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, кездесулер мен келіссөздерге қатысу;
  • Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес ішкі қағидаларды, рәсімдер мен нұсқаулықтарды әзірлеу, енгізу және қайта қарау;
  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Серіктестіктің материалдары мен құжаттарын құрылымдық бөлімшелермен келісу;
  • Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша әлеуетті әріптестермен, Серіктестіктің өнім берушілерімен келіссөздерге қатысу;
  • Серіктестіктің жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін кіріспе нұсқама өткізу және оларды кіріспе нұсқаманы тіркеу журналына тіркеу;
  • Жұмыс орындарын еңбек жағдайларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
  • Өз құзыреті шегінде және жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша серіктестік қызметінің негізгі көрсеткіштерін, оның ішінде ҚНК қорытынды нәтижелілігін қалыптастыру, келісу, мониторингтеу.

Талаптары:
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу.

Білімі: жоғары кәсіптік (заңгерлік, техникалық) білім.

Жалпы жұмыс өтілі: еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кемінде 5 жыл және басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Тілдерді білуі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын (білгені құптарлық).

Кәсіби сертификаттау:

  • Еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық сертификат (NEBOSH)-мүмкіндігінше;
  • Еңбекті қорғау жөніндегі сертификат;
  • еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы стандарттарға сәйкес оқудан өткені туралы басқа сертификаттар