«Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалының Жүк тиеп-түсірушісі

290000 - 305000
Атырауский региональный филиал АО «Кедентранссервис» Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
121

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Орындауына тікелей жеке жауапкершілік жүктелетін жүк тиеп-түсірушінің негізгі функционалдық міндеттеріне мыналар жатады:
1) Өзі қызмет көрсететін кранның құрылымын білу және жебенің ұзындығы мен жетуіне, қосымша тіректердің жағдайына байланысты оның көтеру қабілетін білу;      
2) Кран машинистерімен сигнал алмасудың белгіленген тәртібін білу;
3) Көтергіштің жұмысына қажетті арқандар мен шынжырларды жылжытылатын жүктің салмағы мен өлшемдеріне, көтергіш құрылғының тармақтарының санына сәйкес таңдай білу;               4) Көтергіш құрылғыны техникалық тексеру кезеңділігін білу;
5) Жүктерді ілмекке дұрыс байлауды және ілуді білу; 6) жүру жолдарының, баспалдақтардың және басқа да қосалқы құрылғылардың жұмысқа жарамдылығын қадағалау;      7) Электр кранының негізгі вагонетка сымдарына немесе иілгіш кабеліне берілетін кернеуді өшіретін ажыратқыштың қайда орналасқанын білу және қажет болған жағдайда қоректендіруді тоқтату.
 
 
 

Біліктілік талаптары:

Білім
Орта (техникалық және кәсіптік)

Саладағы мамандық
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыстар; Көлік, көліктік техника және технологиялар
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Жұмыс тәжірибесі
жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

Қосымша талаптар:

Жүк тиеп-түсірушінің біліктілігі туралы куәлік 

Қажетті қабілеттер

  • * Дисциплинированность и ответвенность

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташа)