Пайдалануға дайындау жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
127

   Конкурс туралы

Міндеттері:

– Стратегиялық жоспарлау
Жобаның басымдықтарына сәйкес іске қосу-реттеу жұмыстары, электр станциясын пайдалану, персоналды пайдалануға дайындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды жоспарлау мен әзірлеуді бақылауды жүзеге асырады.

– Тәуекелдерді басқару жүйесінің процестерін ұйымдастыру
Корпоративтік регламенттерге сәйкес Серіктестікте тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқарудың бірізді әрі жүйелі тәсілдерін әзірлеу мен қолдануға, тәуекелдер туралы ақпаратпен тік және көлденең деңгейде алмасу рәсімдерін оңайлатуға, Серіктестіктегі тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге жауапты. Бұл – жұмыстың тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және Серіктестіктің табысын барынша арттыруға бағытталған.

– Өндірістік-техникалық қызметті басқару
Өндірістік процесті жоспарлау, өндірістік бағдарламалар мен кестелерді қалыптастыру. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету және персоналды басқару үдерісін ұйымдастыру.

– Энергетикалық қызметті басқару
Энергетикалық ресурстарды, электр энергиясын өндіру, беру, түрлендіру және таратуға қатысты шаруашылық-экономикалық, ғылыми және техникалық қызмет саласын басқарады. Энергетикалық жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы электр энергиясын өндіруді бақылау.

– Технологиялық қызметті басқару
Өндірістік және тұщы суды дайындау, өндірістік-тұрмыстық ағынды суларды тазарту және су ресурстарын басқару саласындағы шаруашылық-экономикалық, ғылыми және техникалық қызметті басқарады. Технологиялық жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы судың сапасын бақылау.

– Технологиялық жабдықты жеткізумен қамтамасыз етуді басқару
Жеткізуге тапсырысты қалыптастыру, жинақтау, жеткізу, кіріс бақылауы және кейіннен өндірістік процестер үшін шығыс материалдарымен жабдықтау бөлігінде мердігер ұйымдардың қызметін бақылау және үйлестіру. Жеткізілетін жабдықтың техникалық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өндіруші зауыттардағы инспекциялар мен сынақтарға қатысу.


Талаптар:

  • Жоғары техникалық немесе осы лауазым қызмет салаларына сәйкес келетін кәсіби білім.

  • Магистр дәрежесінің болғаны құпталады.

  • Жобаларды басқару / электр энергетикасы / құрылыс қызметі салаларында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

  • Компанияны дамыту стратегиясын әзірлеу тәжірибесі.

  • Құрылыс жобаларын іске асыру тәжірибесі.

  • Толық циклді жобаларды басқару тәжірибесі.

  • Серіктестіктің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келетін компанияларда және лауазымдарда кемінде 3 жыл басшылық тәжірибесі.

  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі. Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес меңгеруі құпталады.

Білім мен құзыреттер:

  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, инвестициялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу.

  • Жылу пайдаланушы қондырғылар мен жылу желілерін техникалық пайдалану қағидалары.

  • Электр станциялары мен желілерді, химиялық су дайындау жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары.

  • Жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі.

  • Бизнесті жоспарлау және компания стратегиясын әзірлеу теориясы мен әдістерін білу.

  • Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық талаптарды білу.

  • Халықаралық, өңірлік және жергілікті деңгейде күрделі келіссөздер жүргізу және келісімдер жасау дағдылары.

  • Инвестициялар тарту, инвесторлармен және мердігерлермен серіктестік қатынастар орнату дағдылары.

  • Қоғам алдында сөз сөйлеу және сендіре білу қабілеті.

  • Компанияны басқару, команда құру және жобалық командалар мен компания персоналын басқару дағдылары.


Жұмыс шарттары:
5/2 жұмыс кестесі, 09:00-18:30, түскі үзіліс 13:00-14:30
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру