«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» ФИЛИАЛЫ ЭЛЕКТР РЕЖИМДЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭЛЕКТР РЕЖИМДЕРІ ТОБЫНЫҢ ТӘУЛІКТІК КЕСТЕСІН САРАПТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ

от 501900 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
201

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1) Қазақстан БЭЖ-нің 220-500 кВ негізгі желісі және қуаттың рұқсат етілген ағындары бойынша тұрақтылықтың жоспарлы және жедел есептеулерін жүргізеді;

2) перспективалық дамуға арналған режимдердің есептеулерін жүргізеді және желіні дамыту жөніндегі жобаларды қарауға қатысады;

3) Қазақстанның БЭЖ 500 кВ негізгі желісінің кернеуін, жиілігін және жұмыс режимдерін реттеу бойынша филиалдың жедел-диспетчерлік персоналына арналған нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады;

4) ПА белгілеулерін айқындау бойынша есептеулер жүргізеді;

5) БЭЖ-де белсенді қуат тапшылығы туындаған кезде белгіленген режимдерді есептеу, электр режимдерін оңтайландыру, ПА талдауы және динамикалық жиілік сипаттамасын айқындау жөніндегі жаңа бағдарламаларды игеруді және енгізуді жүзеге асырады;

6) БЭЖ бақылау нүктелерінде кернеу кестесін жасауға қатысады;

7) тәуліктік кестені техникалық сараптау процесіне қатысады;

8) қызмет шешетін мәселелер шеңбері бойынша жылдық есептің бөлімдерін дайындауды жүзеге асырады

                  9) қызмет құзыретіне кіретін Филиал басшылығының өкімдерін орындайды.

 

Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім: Электр энергетикасы / бейінді Электр энергетикасы
  • Электр режимдері саласындағы инженерлік-техникалық лауазымдардағы тәжірибелік жұмыс өтілі кемінде 2 жыл
  • Электр қауіпсіздігі бойынша II топ

 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Қажетті көлемде білу:

– Қазақстан мен іргелес энергия аудандарының бірыңғай электр энергетикалық желісінің (бұдан әрі – БЭЖ) 220-1150кВ желісінің схемасы, БЭЖ негізгі электр техникалық жабдықтарының сипаттамасы;

- Қазақстан БЭЖ және Қазақстанның жекелеген энергия өңірлері қуатының теңгерімдері, желінің негізгі схемалары үшін БЭЖ және энергия жүйелерінің негізгі жүйе құраушы желісінің өткізу қабілеті;

- электр режимдерін есептеудің негізгі бағдарламаларының сипаттамалары мен мүмкіндіктері (RastrWin, Mustang, PowerFactory, PHOBOS, ИЫҰ, АЖЖ есептеу бағдарламалары);

- энергия жүйелерінің тұрақтылығы бойынша нұсқаулар;

- станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидалар, нормалар, талаптар, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидалары өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде, пайдаланушы деңгейінде компьютерді меңгеру, құжат айналымы жүйесі бойынша келіп түсетін ақпаратты құжаттың мәнін және оның негізгі ережелерін түсіну деңгейінде мемлекеттік тілде қабылдау, өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті

 

          Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • Электроэнергетика

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы