"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Астана пайдалану локомотив депосының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизоры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы мен қорытындыларын қарау, оның жай-күйін талдайды, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде шаралар қабылдайды.
- қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын және қозғалыс қауіпсіздігін бұзу нәтижесінде болған ауыр зардаптары бар өндірістік жарақаттану жағдайларын тергеуге қатысу, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- қызмет көрсетілетін филиалдың шекарасындағы қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі бойынша жедел жағдайды тұрақты бақылау;
- локомотив бригадаларына техникалық оқыту мен нұсқама берудің ұйымдастырылуы мен сапасына тексеру жүргізу;
- локомотив депосы басшыларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке қатысу нормативтерінің орындалуына тексеру жүргізу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде машинист-нұсқаушылардың, депо бойынша кезекшілердің лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын тексеру;
- тексеру нәтижелері бойынша филиал басшыларының кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту жөнінде қажетті шаралар қабылдауы үшін анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, локомотивтерді пайдалану департаментіне баянат беру;
- жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтары, жеделхаттары мен өкімдері талаптарының орындалуын бақылау;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер), тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл немесе машинист - нұсқаушы лауазымында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

