Тасымалдауды ұйымдастыру департаментінің локомотив паркін пайдалану тобының менеджері (16 грейд) " ҚТЖ-Жүк тасымалы "ЖШС " тасымалдау процесін ұйымдастыру дирекциясы "

от 436348
"ТОО "КТЖ-Грузовые перевозки"- "Дирекция по организации перевозочного процесса"
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
66

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Локомотивтердің тәуліктік талап етілетін паркінің өтінімдерін РҚАО-дан жинауды бақылауды жүзеге асырады
  • Өтінімдердің мониторингін және белгіленген коэффициенттерге сәйкестігін түзетуді қамтамасыз етеді
  • локомотивтердің қажетті паркінің берілген қозғалыс мөлшеріне ауысымдық-тәуліктік жоспарын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады
  • локомотивтердің қажетті паркін күтіп-ұстауға, оларды алып қоюға немесе резервке қоюға бақылауды жүзеге асырады
  • поездардың ауысымдық тәуліктік айырбастау жоспарына сәйкес бірнеше РҚБО, ҰБД қамтитын айналым учаскелерінде локомотивтер паркін бөлуді қамтамасыз етеді
  • бекітілген тәуліктік жоспарға сәйкес локомотивтер паркін ұстауды бақылауды жүзеге асырады
  • локомотивтерді пайдалану мәселелері бойынша көршілес теміржол әкімшіліктерінің жолдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді
  • көршілес теміржол әкімшіліктерінің аумағында КЗХ локомотивтері мен локомотив бригадаларының ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады
  • локомотивтер айналысының жалпы учаскелерінде паритеттің орындалуын бақылауды жүзеге асырады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл жұмыс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр