«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу үшін тендерлік құжаттама жобасының веб-сайтында орналастыру;
- ескертулер болған кезде алдын ала талқылауды ұйымдастыру және өткізу және шешімдердің бірін қабылдау;
- веб-сайтта тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыру;
- тендерлік комиссия хатшысының міндеттерін жүзеге асыру және Ережеге сәйкес өзіне жүктелген барлық функцияларды тиісінше орындау
- ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыру;
- тендерлік комиссияның ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауын ұйымдастыру және өткізу;
- ашық тендер қорытындыларын шығару, ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу;
- ашық тендер қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыру;
- ашық тендерге қатысуға өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларын және/немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алудың жеңімпазы деп танылған өнім берушінің электрондық көшірмелеріне сәйкестігі тұрғысынан салыстыру рәсімін жүргізу және салыстыру хаттамасын жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құқықтану; Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Қаржы; Есеп және аудит; Ақпараттық жүйелер; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы