Парк Б ст.Бейнеу-Т байланыс аға электромеханигі

472732 - 500827
Кульсаринская дистанция сигнализации и связи Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
137

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Теориялық және практикалық қызмет көрсетілетін құрылғыларды және жұмыстарды орындау ережелерін білу, сондай-ақ құрылғылардың параметрлерін өлшей және реттей білу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу дағдыларының болуы; жүйелі түрде білім деңгейін көтеру, өз тәжірибеңіз бен біліміңізді қарамағындағы қызметкерлерге беру.

Өз учаскесінде байланыс электромеханигінің жоспарлы жұмысын ұйымдастыру; процесс ағынының жоспарын және сенімділікті арттыру жоспарларын әзірлеу; бригадалардың ай сайынғы операциялық жоспарларын жасау; бағыныштылардың жұмыстарын жүйелі түрде тексеру, құрылғылардың дұрыс және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Байланыс құралдарының қалыпты жұмысының, барлық бұзушылықтары туралы дистанциялық диспетчерге хабарлау;

Жұмысты орындауға қажетті материалдардың, қосалқы бөлшектердің, аспаптар мен  бақылау-өлшеу құралдарының орнында және қоймада болуын қамтамасыз етуге; олардың жұмысқа жарамдылығын қадағалау, оларды уақытылы толықтыру және аустыру,  нұсқаулықтардың және басқа да техникалық құжаттамалардың болуын тексер.

Қызмет көрсетілетін құрылғыларды тексеру нәтижелері және электромеханиктердің ұсыныстары бойынша қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс көлемін анықтау және жөндеу жоспарын жасау және байланыс құрылғыларының сенімділігін арттыру үшін бастықтың орынбасарына ұсыныс беру және еңгізу;

байланыс құрылғысының қысқы жағдайда жұмыс істеуге және көктемгі су тасқынына төтер беруге дайындығын уақытылы тексеру;

Бекітілген цехында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндеге ережелермен нұсқаулықтардың талаптарын сақтауын жүйелі түрде нұсқау және бақылау

Біліктілік талаптары:

Білімі
арнайы орта/ даярлау курстары

Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару.
Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация.
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс

Еңбек тәжірибесі

сигнализация және байланыс дистанциясында СОБ Электромеханигі лауазымында 1 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж