Бас бухгалтер
«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалану, ұйымның мүлкін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырады; 2) бухгалтерлік мамандардың қызметін басқарады және қызмет нәтижелері үшін жауап береді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өз міндеттерін Экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасарының тікелей басшылығымен және басқа құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен өзара әрекеттесе отырып орындайды; 3) бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйымның құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, есеп саясатын қалыптастырады, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескереді; 4) есеп шоттарының жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының формаларын, типтік формалармен қарастырылмаған, ішкі бухгалтерлік есеп құжаттарының формаларын әзірлеу, инвентаризацияларды жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, шаруашылық операцияларын жүргізу, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтау және құжат айналымы тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды басқарады; 5) мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларын, негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының түсуін есепке алуды ұйымдастырады, олардың қозғалысымен, өнімді сатумен, жұмыстарды (қызметтерді) орындаумен, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерімен байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларды уақтылы көрсету; 6) ұйымның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; 7) бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын, ұйым қызметкерлеріне жалақының дұрыс есептелуін, негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының инвентаризацияларын жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды, сондай-ақ ұйымның бөлімшелерінде құжаттық тексерулерді жүргізуді бақылауды жүзеге асырады; 8) әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметасын қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды заңсыз жою, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды архивке белгіленген тәртіппен ресімдеу және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізеді; 9) бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және экономикалық талдау мәселелері бойынша ұйым бөлімшелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді; 10) берілген өкілеттіктерге сәйкес бухгалтерлік құжаттарға қол қояды; 11) салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, зейнетақы және басқа да сақтандыру жарналарын мемлекеттік бюджетке заңнамаға сәйкес уақтылы және дұрыс есептеу мен аударуды қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- Бас бухгалтер лауазымына тиісті мамдық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес қаржылық-бухгалтерлік жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 9-бабына сәйкес. Қоғамдық мүддесі бар ұйымның бас бухгалтері кәсіби бухгалтер болып тағайындалады. Кәсіби бухгалтер – кәсіби бухгалтер сертификатына ие және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын жеке тұлға. Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы міндетті. Тесттерді тапсыру үшін бухгалтерлік есепті білу қажет.
Шарттар:
Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"филиалының Алтынкөл ст. есепке алу тобының жетекші маманы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
24.04.2025 | 882
от 245019
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Алматы бөлімшесінің" Алматы пайдалану локомотив депосы бухгалтерлік есеп бөлімінің 1 санатты бухгалтері
ТЧЭ-28 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.04.2025 | 1727
295710 - 295710
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Алматы пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-28) 2 санатты бухгалтері - «ЖТ Алматы бөлімшесі» (НОД-7)
ТЧЭ-28 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.04.2025 | 1913
270228 - 279741