Санаты жоқ инженер-жүйе техник, II санатты инженер-жүйе техник Ақпараттық-технологиялар орталығы, корпоративтік есептеу желісін жүйелік сүйемелдеу тобы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
272

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Дербес компьютерлер мен серверлерде АҚ талаптарына сәйкес «ҮМЗ» АҚ пайдалануға рұқсат етілген тізіміндегі жүйелік, сервистік және қолданбалы бағдарламаны қамтамасыз етуді орнатады, жаңғыртады және баптайды. Ақ талаптарына сәйкес белсенді желілік жабдықты орнатады, жаңартады және баптайды. Желілік және серверлік жабдықтарды, ақпараттық жүйелерді, ІТ-сервистерді, КЖЕЖ пайдаланылатын және АТО жауапкершілігіндегі деректер базасын басқару жүйелерін әкімшілендіру бойынша жұмыстарды орындайды, деректердің қауіпсіздігін және рұқсат беру құқығын бөлуді қамтамасыз етеді. Желілік және серверлік жабдықтардың, ақпараттық жүйелердің, ІТ-сервистердің, КЖЕЖ пайдаланылатын және АТО жауапкершілігіндегі деректер базасын басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді. АҚ талаптарына сәйкес деректер базасын басқару жүйелерінің жұмысын оңтайландырады, жұмыс істеуін мониторингін жүзеге асырады, орнатады, реттейді. Маршруттау және коммутация желілерін баптайды. Ғаламдық интернет желісіне қосылуды жүзеге асырады. Қашықтан кіру мүмкіндігі арқылы пайдаланушыларды КЖЕЖ қосуды ұйымдастырады және баптайды. ЖЕЖ пайдаланылатын және АТО жауапкершілігіндегі серверлік және желілік жабдықтарды, ақпараттық жүйелерді жоспарлы резервтік көшіру және тестілік қалпына келтіру рәсімдерін орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік регламентіне, әзірленген бөлімшесіне сәйкес АТО жауапкершілігіндегі «ҮМЗ» АҚ желілік және серверлік жабдықтарының, ақпараттық жүйелерінің және деректер базасын басқару жүйелерінің қауіпсіздігін жаңартуды белгілейді. Басқарылатын желілік және серверлік жабдықтардың жұмысына мониторингті жүзеге асырады. Желілік және серверлік жабдықтардың, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі кезінде штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шаралар қабылдайды. АҚ талаптарына және «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес КЖЕЖ ақпараттық жүйелері мен ресурстарын пайдаланушылардың есептік жазбаларын белсендіру, ажырату, жою, өзгерту бойынша жұмыстарды орындайды. АҚ саласындағы «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес АҚ талаптарын орындайды. АТО СС КВС тобы бойынша бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес іс-шараларды орындайды. Жұмысқа тағайындалған «УЗОР» ӨК өтінімдерін есепке алу жүйесіндегі барлық өтінімдерді сапалы және белгіленген мерзімде орындайды. «УЗОР» ӨК өтінімдерін есепке алу жүйесінде орындалған жұмыстарды тіркейді. Жаңа ақпараттық технологияларды меңгереді, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізуге қатысады, топтың қажеттіліктері үшін коммерциялық бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. Осы нұсқаулық шеңберінде жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын және нұсқауларын орындайды. Тәртіптік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.

Білім:

Санаты жоқ/ II сантты инженер-жүйе технигі - тиісті даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: - «6B061», «7M06» (халықаралық код «0610»): Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Информатика; - «6В063», «7М063», (халықаралық код «0612»): Ақпараттық қауіпсіздік; - «6B071, (халықаралық код «0710»): Автоматтандыру және басқару. Ақпараттық технологиялар жүйесі / Автоматтандыру және басқару бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Дағдылар:

санаты жоқ/ II санаты инженер-жүйе технигінің міндетті дағдылары: - ОС Windows жұмыс істей білу; - желілік технологиялардың негіздерін білу; II санатты инженер-жүйе технигінің міндетті дағдылары: - ОС Windows жұмыс істей білу; - желілік технологиялардың негіздерін білу; - АҚ негіздерін білу

Қосымша:

Санаты / II санаты жоқ инженер-жүйе техник білуі тиіс: ҚР Еңбек кодексі; ақпараттық технологиялар саласындағы заңнама; іскерлік хат алмасу ережелері; экономика, менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; менеджмент жүйесінің негіздері (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ, СМЖ); құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; тәртіптік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі талаптар.

Білетін тілдер:

-