«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Павлодар ЖТ бөлімшесі» филиалы (Нод-3) Екібастұз пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-19) өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженер-технологы (негізгі құралдарды ұйымдастыру, пайдалану, жөндеу бойынша)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жабдықтың бар-жоғын, жай-күйін есепке алуды жүргізу және оны жөндегеннен, жаңа депо жабдығын пайдалануға бергеннен кейін паспорттарға өзгерістер енгізу;
- депоның негізгі құралдарының болуы мен жай-күйінің есебін жүргізу;
- қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген тәртіппен негізгі құралдарды есептен шығаруға, пайдалануға беруге, консервациялауға құжаттарды уақтылы ресімдеуді жүргізу;
- кәсіпорын ғимараттарының, құрылыстарының техникалық есебін жүргізу, оларды қайта құру, жөндеу, жаңа технологияларды енгізу жобалары мен жоспарларын жасауға тікелей қатысу;
- қызметтік-техникалық ғимараттардың, өндірістік және шаруашылық объектілердің пайдалану жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
- депо ғимараттарының, құрылыстарының, автокөліктің, негізгі құралдардың, өртке қарсы құрылғылардың жабдықтарының, электр шаруашылығының техникалық жай-күйін бақылау және ақауларды, тексеруші органдардың ескертулерін жою жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
- жерге орналастыру жұмыстары бойынша құжаттаманы жүргізу;
- мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу және түзету үшін өз қызметінің шеңбері бойынша қызметтер мен жұмыстарға өтінімдер мен құжаттарды ұсыну.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам);
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде машинист/машинист көмекшісі лауазымындағы жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр