Жабдықтар мен материалдарды қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
627

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жабдықты кешенді сынау, технологиялық процестерді реттеу және өндірістік қуаттарды және объектілерді уақытында іске қосу аясында қажетті құжаттарды алу үшін мемлекеттік органдарға сұрау хаттарын жібереді;
  • Басқарманың қызметі аясында сұралған ақпаратты ұсынады;
  • Кездесулердің өткізілетін күндеріне сәйкес есептік ақпаратты ұсынады;
  • Өндіріс, құрастыру кезеңдерін мониторингтейді, тестілеуге қатысады;
  • Жабдықтар мен материалдардың реестрін, жеткізу кестесін әзірлейді;
  • Техникалық құжаттаманы, паспорттарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалық деректерге, интерфейс тіліне, тасымалдаушылардың түріне, құжаттардың дұрыстығына және сәйкестігіне тексереді;
  • Жабдықтар мен материалдарды әзірлейді, бекітеді және акт бойынша тапсырады;
  • Келіп түскен және шығыс құжаттарын рәсімдейді, қабылдау және беру актілерін рәсімдейді; жеткізушіге талаптар мен шағымдар жібереді. Жабдықтар мен комплекті өнімдердің сақтау шарттарын, олардың консервациясының дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
  • Жеткізушіге шағымдар мен талаптар тізімін құрастырады және ресми түрде жібереді, толық жауап алады;
  • Өндірушіден/жеткізушіден сақтау және консервациялау шарттары бойынша толық ақпарат алады және басқа құрылымдық бөлімшелерден осы нұсқауларды орындауды талап етеді;
  • Кеңестерге, қоғамдық тыңдауларға қатысады, көрмелерді мониторингтейді және Басшылықтың шешімі бойынша қатысады;
  • «Самрук-Энерго» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатында, ішкі құжаттарда, ISO 37001 стандарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтайды, олардың орындалмауы туралы тікелей басшысына хабарлайды;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпарат алған жағдайда, дереу Компания басшылығына, «Комплаенс» қызметіне немесе «ыстық желіге» хабарлайды, мүдделер қақтығысын болдырмайды.

Талаптар:

  • Жоғары білім
  • Структуралық бөлімнің қызметі бойынша 4 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі немесе жобалармен 4 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі немесе «АлЭС» АҚ-да 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі

Шарттар:

  • Жұмыс режимі дүйсенбі-жұма 08:00-17:00
  • Төленетін демалыс
  • Компания есебінен оқыту

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)