Сатып алуды жиынтық талдау және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің жетекші менеджері (аутстаффинг секторы)

«Самрук-Казына Контракт» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
887

   Конкурс туралы
Тәжірибе:
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрамына кіретін компанияларда және/немесе мамандандырылған ассоциацияларда, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда экономикалық саясатты әзірлеу және жүзеге асыру, кәсіпкерлікті дамыту және/немесе мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алу қызметін реттеу салаларында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі;

Білім:
-экономика және бизнес және/немесе құқық, және/немесе техникалық ғылымдар саласында жоғары білім;
-«Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу қызметі саласындағы корпоративтік стандарттары мен нормативтік құжаттарын білу;
-«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы», «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарын, ҚР Кәсіпкерлік кодексін білу.

Дағдылар:
-алдыңғы қатарлы аналитикалық қабілеттер мен процесс талдау дағдылары;
-нормативтік құжаттарды әзірлеу және талдау дағдылары;
-тиімді коммуникация және қоғамдық сөз сөйлеу дағдылары;
-ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар.

Міндеттер:

1. Жиынтық материалдарды дайындау, тапсырмалардың орындалуын мониторингтеу;
2. Товарищество мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынастарды қалыптастыру;
3. Сатып алу саласындағы талдау;
4. Физикалық және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау: жауаптарды дайындау және оларды өтініш берушілерге жіберу;
5. Кәсіпкерлікті дамыту.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)