Бұрғылау бойынша жетекші инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
1319

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • Компанияның саясаттары мен процедураларына сәйкес жоғары техникалық деңгейде бұрғылау жұмыстарының бағдарламаларын уақтылы дайындау және талдау;
  • жұмыс көлемін орындаумен байланысты геологиялық-геофизикалық зерттеулер/пластты игеру/ұңғымаларды аяқтау/ұңғымаларды күрделі жөндеу/логистика бойынша мамандармен және басқа да тараптармен өзара іс-қимыл;
  • келесі жұмыстарды орындауда жобалық топтарға қолдау көрсету:       
  • болашақ кеңейту жобалары үшін бұрғылаудың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау және талдау; уақыт пен шығындарды, обсадная колоннаның конструкциясын, момент пен кедергі моделін, жабдықты таңдау; 
    -    бұрғылау жұмыстарының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бағдарламаларын, жобаның мақсаттарына, мұнай кен орындарын пайдалану бойынша озық тәжірибеге, Компанияның нормаларына және жергілікті ережелерге сәйкес графиктер мен бюджеттерді дайындау; тендерге арналған техникалық құжаттаманы, соның ішінде өнімдер мен қызметтерге техникалық талаптарды дайындау;

    -    бұрғылау жұмыстарына қатысты жобалық-техникалық құжаттаманы (ПТД), техникалық бөлімдерді дайындау
  • бұрғылау операцияларына байланысты материалдар, жабдықтар мен қызметтерді жеткізу бойынша тендерлік іс-шараларға қатысу

Талаптар:

•    «Бұрғылау/мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша жоғары білім;

•    бұрғылау жұмыстарын жоспарлау саласында кемінде 6-8 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде өндірістік объектіде кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;

•    экологиялық жағынан сезімтал ортада ұңғымалық операцияларды орындау тәжірибесі және күкіртсутек мөлшері жоғары ұңғымаларды бұрғылау;

•    бұрғылау жұмыстарының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету кешендерін әзірлеу бойынша жақсы білімдер мен дағдылар (мысалы, Landmark);

•    жоғары қысым мен жоғары температура жағдайында ұңғымаларды бұрғылау тәжірибесі артықшылық болып табылады;

•    теңізде, арктикалық жағдайларда бұрғылау жұмыстарын жүргізу принциптерін білу.

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)