«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы бизнес-талдау департаменті Қарағанды өңірлік бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғамның филиалдарынан және еншілес ұйымдарының филиалдарынан «арнайы және техникалық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын жұмыс істемейтін вагон паркінің вагондарының болуы туралы» және «электровоздарды, тепловоздарды және дизель поездарды жоспардан тыс жөндеу туралы» статистикалық есептерді жинау және жасау;
- арнайы және техникалық қажеттіліктер үшін вагондарды бөлуге өтінімдерді жинау және қорыту; арнайы және техникалық қажеттіліктер үшін бөлінген жүк вагондарының болуын дұрыс есепке алу маниторингі;
- статистикалық есептер мен ақпараттық жүйелердің деректері бойынша жүк вагондарының, жүк жұмысының, жүктерді тиеу көрсеткіштерінің алшақтық себептеріне талдау жүргізу;
- функционалдық міндеттері жүк вагондарының болуы мен жай-күйінің көрсеткіштері туралы тәуліктік жедел есептілікті жинау, қалыптастыру және ұсыну болып табылатын инженерлердің қызметіне талдау жасау; жүк вагондары мен контейнерлердің жалпы желілік және жол санақтарына қатысу
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары;
- Мамандығы: Статистика; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент және/немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс өтілі: Еңбек өтіліне талап қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр