"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "ірі жобаларды іске асыру дирекциясы" Техникалық қадағалау бөлімінің бас менеджері (19 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
178

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Техникалық қайта жарақтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бөлігінде бизнес-жоспарларды жасауға қатысады;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды және тапсырысшы атынан мердігерлік құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады;
  • Жасалған шарттардың талаптарына және ҚР заңнамасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесін (егжей-тегжейлі) қалыптастыруға қатысушылармен бірлесіп қатысады. 
  • Барлық құрылыс-монтаждау және басқа да құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттар мен техникалық шарттарға, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау нормаларына, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде ұйымның талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізеді.
  • Жасалған шарттардың талаптарына және ҚР заңнамасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде техникалық қадағалау қызметтерін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
  • Темір жол желілері мен темір жол инфрақұрылымы объектілерін күрделі салу, реконструкциялау және жаңғырту бойынша іске асырылып жатқан жобалардың орындалу барысына мониторингті жүзеге асырады.
  • Компанияның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен күрделі құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және жобалауға, теміржол желілері мен теміржол инфрақұрылымы объектілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға тапсырмалар дайындауға қатысуды жүзеге асырады.
  • Уәкілетті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда техникалық-экономикалық негіздемені бекіту және қайта бекіту бойынша қатысушы құрылымдық бөлімшелермен қатысуды жүзеге асырады;
  • Құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауына мониторингті, қажетті жағдайларда шарттарда көзделген санкцияларды ұсынуды,
  • құрылысты қымбаттататын және стандарттар мен техникалық шарттарға сай келмейтін құрылыс материалдарын, бөлшектері мен бұйымдарын қолдануға жол бермеуді жүзеге асырады.
  • Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен және мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп түгендеуге қатысады


Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Экономика; құрылыс; теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; сәулет; Электр энергетикасы; автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда 2 жыл.


Қосымша талаптар:
ISO 14001-2015, ISO 45001-2018, ISO 9001-2015, ISO 50001-2018 халықаралық стандарттарын меңгеру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр